• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
25 Қараша, 2016

БҚО бюджетіне салықты өндіру есебінен 525 млн теңге түсті

138 рет
көрсетілді

БҚО-ның жергілікті бюджетіне 64 млрд теңге түсті. Бұл өткен жылғыдан 9,2 млрд теңгеге артық, деп хабарлады ҚазАқпарат. БҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде жергілікті бюджет жоспары республикада алғашқылардың бірі болып, асыра (103,5 пайызға) орындалды. Жергілікті бюджетке түсімнің негізін (76 пайызын) табыс және әлеуметтік салық құрайды. Еңбекақы қорының 11 пайызға және қосымша түсімдердің 150 пайызға көбеюіне байланысты аталмыш салықтар бойынша 48,3 млрд теңге (өсім - 9,2 млрд теңге) бюджетке түсті. Салық базасын кеңейту және түсімдерді көбейту бағытында алынған шаралардың нәтижесінде қосымша 3,8 млрд теңгенің түсуі қамтамасыз етілді. Бұл өткен жылғыдан 3 есеге артық. Қосымша түсімдердің қомақты бөлігі (2,3 млрд теңге) салықтық тексерулер есебінен түсті. Сондай-ақ, қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем 2,1 млрд. теңгені құраса, камералық тексеру бойынша 1,1 млрд  теңге, мерзімінде түспеген салықты өндіру есебінен 525 млн теңге түсті.