• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

«Барыс» өз айдынында «Адмирал» командасынан жеңілді

198 рет
көрсетілді

Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатында Астананың «Барысы» өз айдынында Владивостоктың «Адмирал» командасын қабылдап, 1:4 есебімен жеңілді. Ойын айдын иелерінің шабуылымен басталды. Кездесудің небәрі 3-минутында астаналықтар Кэм Баркердің көмегімен есеп ашты. Дегенмен, осыдан кейін осалдық танытқан Эдуард Занковец шәкірттері 8-минутта өз қақпаларына шайба жіберіп алды. Нәтижелі соққының авторы – Джеймс Райт. Матчтың екінші кезеңі толығымен қонақтардың бақылауында өтті. Алдымен, 22-минутта Максим Казаков мергендігімен көзге түсіп, өз командасын алға шығарса, 26-минутта Джеймс Райт дубль иесі атанды. Мұнымен де тоқтамаған «Адмирал» хоккейшілері арада бірер минут өтер-өтпес тағы бір шайбаны соқты. Атап айтқанда, Павел Макаренко 28-минутта кездесудің соңғы нүктесін қойды. Еншісінде 45 ұпайы бар «Барыс» «Шығыс» конференциясында 8-орында келеді. Келесі кездесуін Астанада 27 қараша күні «Амур» командасымен өткізеді.