• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Қызу қолдаймыз, қуана құттықтаймыз!

193 рет
көрсетілді

Барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясының қабыл­дануымен құттықтаймыз. Тәуелсіздік жылдары Елбасының басшылығымен елді бәсекеге қабілетті етіп дамытудың басты стратегия­лық б­ағыттарының бірі – білім және ғылым жүйесін жетілдіру болды. Осының арқасында бүгінде Қазақстан адами даму деңгейі жөнінен аса жоғары елдер тобына сенімді енді. Президенттің «Болашақ» бағдарламасы, «Назарбаев Университет», зияткерлік мектептер, зерттеу университеттері – елімізде интеллектуалды ұлт қалай қа­лыптасып жатқанының, оқымыстылық пен білім беру саласы қай деңгейде қолдау көріп отырғанының жарқын айғағы. Тәуелсіздіктің ұлы жолы – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшы­лығымен бүкіл халық жүріп өткен жол. Баршамызда бір ғана мақсат бар, ол – болашақ ұрпаққа ең қымбат нәрсе – егемен және тәуелсіз Қазақстанды мұра етіп қалдыру! Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы   Қазақстанның әдебиетші қауымын біріктіретін «Қазақстан Жазушылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі  Қазақстан Республикасы Парламенті палата­ларының бірлескен отырысында қабылданған Тәуелсіздік декларациясын зор ықыласпен қабылдады. Әлем картасында жаңадан пайда болған жас Қазақстан мемлекеті Тәуелсіздік жылдарында адам нанғысыз тарихи жетістіктерге қол жеткізіп, күллі әлем мойындаған танымал мемлекетке айналды. Мұның барлығы – халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымағының, сол халықты алға бастаған Елбасының көреген дана саясатының арқасы. Тарихи құжатта еліміздің жарқын жетістіктері мен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет құрудағы ерен еңбегі ерекше атап көрсетілген. Біз, қаламгерлер қауымы барша Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған Декларацияның қабылдануымен құттықтаймыз! «Қазақстан Жазушылар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына арналған Декларация қабылданды. Бұл – еліміз үшін ерекше орын алатын маңызды құжат. Декларацияның қабылдануын ел ішіндегі қазақстандықтар ғана емес, алыс-жақын шетелдерде тұратын 5 миллионнан астам қазақ диаспорасының өкілдері де қуанышпен қарсы алды. Өйткені, бұл – біздің тарихымыз және болашақ ұрпағымызға қалдыратын мұрамыз. Тәуелсіз Қазақстанды құру және қалыптастыруда ерен еңбек сіңірген Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көшбасшылығымен еліміз бүгінде әлем таныған мемлекетке айналды. Әлемнің озық 30 елінің қатарына қосылуға қарышты қадам басты. Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық ілгерілеу мен орнықты даму жолын айқын көрсеткен Декларацияның қабылдануымен құттықтаймыз. Ісіміз алға баса берсін, отандастар! Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы   «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы барша азаматты ел Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Декларацияның қабылдануымен құттықтайды. Декларацияның мәтінінде мемлекеттіліктің негізгі даму дәуірі, нарықтық экономиканың қалыптасуы, кәсіпкерлік үшін жағдайлардың жасалуы көрініс тапқан. Осының барлығы Елбасының стратегиялық көрегендігінің, оның батыл да алыс­ты болжайтын сарабдал саясатының арқасында мүмкін болды. Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Қазақстан Мемлекет басшысының тамаша көшбасшылығымен үлкен табыстарға қол жеткізіп, бүкіл әлемге танылды. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы   Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы барша қазақстандықты Елбасымыздың көреген басшы­лығымен еліміздің қол жеткізген табыстары көрі­ніс тапқан Тәуелсіздіктің жиырма бес жылдығы Декларациясының қабылдануымен құттықтайды. Кәсіподақтар федерациясы еліміздің 2 миллионнан астам мүшесінің мүддесін қорғайтын кәсіподақтар ұйымы болып табылады. Кәсіподақтар федерациясы Елбасы – Президент Н.Ә.Назарбаевтың егемен Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін аса жоғары бағалайды. Күрделі экономикалық жағдайларға қарамастан, ел Президенті әркез жұмыс орындарын құруға, еңбекақыны, жәрдемақы мен зейнетақыны көтеруге үлкен назар аударып келеді. Бұл – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің мерейтойлы жылының соңғы кезеңінде қабылданған маңызды тарихи құжат! «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы» РҚБ   Қазақстан іскер әйелдерінің қауымдастығы барша Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Декларациясының қабылдануымен құттықтайды. Декларацияда Қазақстан дамуы мен ілгерілеуінің басты кезеңдері көрініс тауып, Мемлекет басшысының ғаламат рөлі айқындалған. Бұл – табыстарымыз бекітіліп, дамудың әрі қарайғы бағыттары айқындалған аса маңызды құжат. Ал алда тұрған міндеттерді жүзеге асыруға қазақстандықтардың болашақ ұрпағының белсенді қатысатынына сенім мол. Қазақстанның тарихи өлшеммен алғанда аса қысқа мерзімде қол жеткізген табыстарын үлкен мақтаныш сезімімен екшей келе, біз Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына арналған мерейтойлы салтанаттар қарсаңында қабылданған құжаттың дәуірлік маңызын атап көрсетеміз. Қазақстан іскер әйелдерінің қауымдастығы   Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы еліміздің барша азаматын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Деклара­циясының қабылдануымен құттықтайды. Бұл – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген басшылығы мен еліміздің басты табыстарын ашық көрсететін тарихи құжат. Елбасының алысты болжайтын сарабдал саясатының арқасында Қазақстан интеллектуалды ұлттың дамуы үшін дәйектілікпен жағдайлар жасай отырып, адам капиталының деңгейі жоғары елдер тобына қарай сенімді қадам басып келеді. Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының қауымдастығы