• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

ӘЧ: 3 боксшымыз финалда

122 рет
көрсетілді

Кеше Санкт-Петербургте бокстан Әлем чемпионатының барлық салмақ категориялары бойынша жартылай финалы өтті. Нәтижесінде, қарсыласы австралиялық Сэм Гудмэнді жеңген Саматәлі Толтаев (56 кг) пен Германия азаматы Везир Агирманды жеңген Бек Нұрмағанбет финалға жолдама алды. Кешкі сессияда жұдырықтасқан қазақстандық Садриддин Ахмедов (69 кг) ағылшындық Мохаммед Харрис Акбарды жеңіп финалға шықты. Бұл сессияда өнер көрсеткен Бекзад Нұрдәулетов (81 кг) украиндық роман Савицкиге есе жіберді. Финалда Толтаев америкалық Марко Кастромен, Нұрмағанбет шотандиялық Уильям Хатчинсонмен, Ахмедов украиндық Павел Гуламен бокстасады. Финалдық кездесу бүгін, 26 қараша күні кешкі сағат 17:00-де басталады.