• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Бокстан ҚР чемпионаты: жартылай финалистер анықталды

260 рет
көрсетілді

Павлодар қаласында 20 қараша күні бокстан Қазақстан чемпионаты басталған болатын. Рио Олимпиадасында жүлделі орындарға ие болған Данияр Елеусінов (69 кг), Василий Левит (91 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг) және Иван Дычко (+91 кг) босатылған дода тартысты өтіп жатыр. Себебі, ішкі біріншіліктегі алғашқы үздік үш спортшы ұлттық құрамаға кіріп, әлем, Азия чемпионаттары, сондай-ақ халықаралық жарыстарға қатысатын болады. Сонымен қатар жазғы Олимпиада ойындары аяқталғаннан кейін Біржан Жақыпов (49 кг), Олжас Саттыбаев (52 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг) негізгі құрамдағы орындарын босатқан еді. Әзірге ол орынға да ешкім алынбады. - Құрама командадан кеткен спортшылардың орнын кім басатындығын рингтегі кездесулер шешеді. Біз Риодағы Олимпиадаға қатысқан небәрі 10 боксшыны ғана дайындаған жоқпыз ғой. Олардан бөлек резервпен де үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. Әр салмақ дәрежесінде өзара бәсекелестік бар. Меніңше, боксшылар ұлттық құраманың сапына кіру үшін барын салады. Оның үстіне, өздерінің арасында да тікелей қарсыластарымен кімнің үздік екені жөнінде шешілмеген кейбір жайттар бар», – деді Павлодар облысы бокс федерациясының атқарушы директоры Азамат Мақажанов. Бір айта кетерлігі, бұл чемпионатта Абылайхан Жүсіпов (69 кг) және Жәнібек Әлімханұлы (81 кг) секілді жаңа салмақ дәрежелеріне көтерілгендер де бар. Жалпы, барлық облыстардан, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларынан 10 салмақ категориясы бойынша 186 боксшы қатысты. Солардың ішінде үздіктері іріктеліп, бүгінгі жартылай финалға тек 40 боксшы жолдама алды. Олар төмендегі тізім бойынша рингте өнер көрсетеді: 49 кг Жомарт Ержан – Шалқар Айқынбай Асқат Жүсіпов – Теміртас Жүсіпов 56 кг Қайрат Ералиев – Ілияс Сүлейменов Жанболат Қыдырбаев – Нұрбол Қалжанов 64 кг Ділмұрат Мәжітов – Қуан Қуатов Бекдәулет Ибрагимов – Мақсат Жексенбі 75 кг Абылайхан Аманқұл – Тұрсынбай Кулахметов Манат Омірзақов – Ерік Әлжанов 91 кг Антон Пинчук – Арбек Әбдіғаниев Еркін Мұхамеджан – Серік Мұсаділов Кешкі сессия (басталуы 18:00) 52 кг Азат Махметов – Әнуар Мұзаппаров Олжас Байниязов – Азамат Исақұлов 60 кг Зәкір Сафиуллин – Мейрболат Тойытов Әілет Кұрметов – Серік Теміржанов 69 кг Қанағат Маралов – Илья Очкин Алмасбек Әлібеков – Абылайхан Жүсіпов 81 кг Жанібек Әлімханұлы – Вадим Кзаков Нұрдаулет Жарманов – Шаймұрат Құсайынов +91 кг Қамшыбек Құнқабаев – Нұрлан Сапарбай Олжас Букаев – Нұржан Бекзатов.