Бүгін Қызылордада апаттық жағдайдағы үйлердің орнына салынған 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді.
«Соңғы 3 жылда 7 мыңға жуық отбасы, яғни 30 мыңнан аса тұрғын қоныс тойын тойлады. Сонымен қатар, екі жыл ішінде пәтер кезегінде тұрғандардың 28 пайызы баспаналы болды. Ал қазір бір мезетте 80 көпқабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2013-2016 жылдар аралығында Қызылордада 11 шағын аудан бой көтерді. Бұдан бөлек, соңғы үш жылда апаттық жағдайдағы үйлердің тұрғындары 144 жаңа пәтерге көшті. Ал бүгін біз тағы 60 пәтердің кілттерін табыстағалы отырмыз», – деді аймақ басшысы.
Айта кетейік, 60 пәтерлі үйдің құрылысы биыл шілде айында басталып, қараша айында аяқталды.