• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
26 Қараша, 2016

Иранда пойыз апатынан 40-тан аса адам қаза тапты

160 рет
көрсетілді

Иранның Семнан провинциясында екі пойыз соқтығысып, 44 адам қаза тапты. Сонымен қатар, жүзге жуық жолаушы түрлі жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігі хабарлады. «Құтқару жұмыстары аяқталды. Отқа оранған вагондардан барлық мәйіт шығарылды. Опат болғандардан бөлек, 82 адам жараланды. Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін тергеу ісі жүріп жатыр», – деді Иранның денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Пир Хосейн Коливанд. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін.