Бүгін Павлодарда өтіп жатқан бокстан ел чемпионатында 69 кг салмақ дәрежесінде Қазақстан чемпионының есімі белгілі болды.
Финалда астаналық Қанағат Маралов пен қарағандылық Абылайхан Жүсіпов жұдырықтасты. Тартысты кездесуде Абылайхан Жүсіпов жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Теміртас Жүсіпов (49 кг), Азамат Исақұлов (52 кг), Қайрат Ералиев (56), Әділет Құрметов (60 кг), Бекдәулет Ибрагимов (64 кг) чемпиондық атаққа қол жеткізген болатын.