• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Ақтөбеде 25 метрлік стелла бой көтерді

437 рет
көрсетілді

Соңғы кездері қалада әр түрлі композициялық стеллалар, басқа да эстетикалық мәні бар нысандар бой көтеріп, шаһарды шырайландыра түсуде. Ақтөбе - кітап кейіпкерлеріне ескерткіш орнатылған еліміздегі бірден –бір қала. Абай даңғылы бойында Қазақстанның халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің  «Қан мен тер» трилогиясының кейіпкерлеріне орнатылған ескерткіш ақтөбеліктердің ең жиі бас қосатын орны болып табылады. Бұған дейін «Шератон» қонақ үйінің жанына «Домбыра» ескерткіші  орнатылған-ды. Оның биіктігі небәрі 6,3 метр болатын. Жақында бой көтерген  №12 шағын аудандағы айналма жолдың бойындағы «Қызғалдақ» стелласының биіктігі 25 метр болады. Оның гүл өзегінің диаметрі  1,4 метр, жалпы фундаментінің салмағы 215,4 тонна, ал, құрастырмасы 7 тонна құрайды. Ақтөбенің басты символы «Қызғалдақ» стелласы Теуелсіздіктің 25 жылдығына арналып салынған. Биыл бұдан басқа қалада әуенді субұрқақ және  сағат сынды нысандар салынып, көшелерге көрік беріп тұр №11 шағын аудандағы  құрылысы жүріп жатқан хоккей модулі де еңселі спорт нысаны болғалы тұр. Ол келер жылдың наурыз айында пайдалануға беріледі. Нысанның атауын халық арасында конкурс өткізу арқылы берілетін болады. Жалпы алғанда, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 10 нысанның құрылысы жүргізілуде. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе.