• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Өскеменді қардан тазалау үшін ондаған техника жұмылдырылды

127 рет
көрсетілді

ШҚО әкімі Өскеменді қардан тазарту бойынша кеңес өткізді. Оған қалалық коммуналдық қызметтер, жол жөндеумен айналысатын аймақтық кәсіпорындардың басшылары қатысты. Кеңестің қорытындысы бойынша өңір әкімі Даниал Ахметов облыстық маңыздағы жол компанияларының арнайы техникаларын Өскеменді қардан тазарту үшін жұмылдыру туралы өкімге қол қойды. Жалпы саны 40 бірлікті құрайтын автогрейдерлер, бульдозерлер, тракторлар, қар тиеп, тасымалдайтын техникалар облыс орталығының шағынаудандары бойынша бөлінді. ШҚО ішкі істер департаментіне жол техникасының кедергісіз жұмыс істеуін қадағалау тапсырылды. Қосымша жұмылдырылған кәсіпорындардың шығындары облыстық бюджеттен өтелмек. Өңір басшысы Даниал Ахметов Өскеменді қардан тазалау бойынша коммуналдық мекемелердің жұмыстарын өзі үйлестіріп, қатаң бақылауда ұстауда.