• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Еуропа кубогында каратэшілеріміз 12 медаль алды

250 рет
көрсетілді

27 қарашада Польша Республикасының Люблин қаласында киокушинкай-кан каратэ бойынша жастар арасында Еуропа Кубогы өтті. Қазақстан командасы 12 медаль: 5 алтын, 4 күміс, 3 қола иеленді, деп хабарлады Штаттық ұлттық командалар мен спорт резерві дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов. 20-дан астам елден 500 қатысушы бес татамиде жарысқа түсті. Қазақстан құрамасы беделді жарысқа 10-17 жас аралығы санатында 20 спортшы құрамымен барды. Біздің құраманы ересектерге арналған киокушинкай-кан каратэ республикалық ұлттық федерацияның бас  бапкері Әбжанов Дастан Дуйсенбаевич, Ұлттық федерацияның жастар бойынша бас бапкері  Имашев Азамат Болатұлы мен Қарағанды облыстық филиалының басшысы Лим Игорь Геннадьевич басқарып барды.  
Соңғы жаңалықтар