• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
28 Қараша, 2016

Павлодарда ескі ақшалар көрмеге қойылды

845 рет
көрсетілді

Бүгін М.Катаев атындағы оқушылар сарайында «Теңгенің құрылу тарихы» атты ескі ақшалар топтамасының көрмесінде XVIII ғасырда І Петр патшаның тұсында қолданылған орыс ақшасы көрсетілді, деп хабарлады pavlodarnews.kz. Шараға Павлодар қаласы № 5 орта мектебі, Павлодар ауданы Мичурин балалар үйі мен Розов орта мектебінің, Качир ауданының Федеров және Береговой орта мектептері мұғалімдерінің қолымен жиналған Қазақстанның және басқа да Орта Азия мемлекеттерінің құнды қағаздары қойылды. Сонымен қатар, оның ішінде Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин сынды ұлы тұлғаларымыздың суреттері бейнеленген мерейтойлық монеталар да бар. «Мичурин балалар үйінің мұражайына мұндай құнды жәдігерлерді 2003 жылдан жинай бастадық. Біздің қорымызда қазақтың көптеген құнды жәдігерлері сақталған. Бүгінгі көрмеге еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі айналымда болған ақшалардың барлық түрін алып келдік. Бұдан бөлек, Кеңес одағы кезіндегі, сондай-ақ Үндістан, Иран, Америка, Германия сынды алып елдердің ерте кезде қолданған темір тиындарын ұсынып отырмыз», – деді Мичурин балалар үйінің тәрбиешісі Айжан Ахметшәріпова. XVIII ғасырда І Петр патшаның тұсында қолданылған орыс тиынын Павлодар қаласындағы №5 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Виктор Столяров алып келген. «Мен ерте кездегі Ресей империясы, Қазақстан Республикасы және орта Азия мемлекеттерінің монеталары мен қағаз ақшаларын жинастырдым. Мұндағы ең ескі монета XIII ғасырға тиесілі. Ал ең ескі ақша І Петр патшаның тұсында, яғни 1721 жылы жарыққа шыққан», – деді Виктор Столяров.