• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Жамбыл облысында алтын өндіру технологиясы бар зауыт салынады

330 рет
көрсетілді

Германияның «Aurum Deutschland AG» (Аурум Дойчланд АГ) компаниясы Қордай ауданындағы кен орнына арнайы әзірленген алтын өндірудің бірегей технологиясын пайдалануды жоспарлауда, деп хабарлады ҚазАқпарат. Таразда өткен Taraz Invest – «AgroChemical Day 2016» инвестфорумында Жамбыл облысының әкімі мен «Aurum Deutschland AG» компаниясы арасында тау-металлургиялық комбинаттың құрылысы туралы меморандумға қол қойылды. Қордай ауданында тау-кен комбинатын тұрғызу және алтын кенін байыту туралы келісімге Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен «Aurum Deutschland AG» ЖШС бас директоры Йоган Штоль қол қойды. Майбұлақ алтын кен орнындағы зауыттың жоспарланған жылдық қуаты – 5-6 тонна. Құрылыстың құны шамамен 250 миллион долларға жетеді, ал жобаның жалпы құны - 300 миллион доллар, неміс компаниясы өз акцияларының 100% ие.  Қордай ауданында шамамен 900 жаңа жұмыс орны ашылады. «Қазір Майбұлақ кен орнын барлау үстіндеміз, - деп жалғастырды компания директоры. - Біз оған 30 миллион доллар қаржы салдық, үш жылда бітіреміз деген ойдамыз. Қазір жобалық жұмыстар жүріп жатыр, оларды әлі де қорғап шығу керек. Сонда, шамамен бір жарым жылдан соң зауыт құрылысын бастаймыз. Алтынды өндіру жүйесі жаңа германиялық технологиямен жүзеге асады, ол әлі әлемде жоқ, алғаш рет осы жерде сынап көреміз. Жүйе әзірленіп дайын тұр, біз алтынмен бірге өзге де металлдар шығатын Қордай ауданының кен орнына арналған технологияны әзірлеу үшін 12 миллион еуро жұмсадық», – деді Йоган Штоль.
Соңғы жаңалықтар