• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Жаңа бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашуға күш салынады

242 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Б.Сағынтаев Үкімет отырысында таяу арада нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын мақұлдауды аяқтап, оны бекітуге шығаруды тапсырды. Премьер-Министр жасалған бағдарлама аясында жұмыссыз азаматтармен жұмыс істеу барысы өзгеретінін атап өтті. «Бұрын «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы бойынша уақытша жұмыс орындарына көңіл бөлінсе, енді оқыту арқылы тек қана тұрақты жұмыс орындарына көңіл бөлінеді. Ең бастысы, адамдарға өз істерін ашуға және жаңа жұмыс орындарын қалыптастыруға мүмкіндік береміз. Жауапты органдар анықталды, өкілеттіліктер берілді, олардың арасында жергілікті атқарушы органдар бар», – деді Б.Сағынтаев. Премьер-Министр осы бағдарлама бойынша барлық әзірлік жұмыстарын аяқтап, оны 15 желтоқсанға дейін Үкіметке бекітуге ұсынуды тапсырды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, ҚР Үкіметі жаңадан Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын жасаған болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты – нәтижелі жұмыспен қамтуға жағдай жасай отырып,  халыққа өз табыстарын арттыруға мүмкіндік беру. Арнұр АСҚАРОВ, «Егемен Қазақстан»