• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Киіктерді заңсыз аулау тыйылмай отыр

114 рет
көрсетілді

2010-2016 жылдары киік атудың және олардың мүйіздерін сатудың 318 фактісі тіркелді.  Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өтіп жатқан «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтіп жатқан «дөңгелек үстел» барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлім етті. «Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді сақтау, олардың санын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алаңдаушылық туғызатын басты аңдардың бірі жабайы дала антилопасының бірегей түрі киіктер болып отыр. Бұл жануарлардың дүниежүзілік таралымының 95 пайызы  Қазақстан аумағында мекендейді. Киіктерді қорғаудың нәтижесінде олардың саны 21 мың бастан 295 мың басқа дейін көбейген болатын. Бірақ өкінішке орай, 2015 жылы киіктер қырылды. Үстіміздегі жыл есебі бойынша, олардың саны шамамен 108 мың бас. Қырылу себебі  жұқпалы ауру - пастереллез. Жаппай өлім-жітімге ұшыраудың мұндай фактісі бұрын да болған», - деді вице-министр. Оның айтуынша, киіктер санының азаюына брокенерліктің де әсері бар. «2010-2016 жылдары киік атудың және олардың мүйіздерін сатудың 318 фактісі тіркелді. Жабайы жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктерді қорғаумен «Аңшылықзооөнеркәсіп»  ұйымы айналысады. Мониторинг ұйымдастыру және киіктерді спутниктік радиомаяктармен таңбалау пайдаланылады. Қорғау шараларын ұйымдастыру инспекторлардың көліктерінде орнатылған спутниктермен бақыланады. Қолданылған шаралардың нәтижесінде Жабайы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері мен киіктер санының көбейіп келе жатқаны байқалады», - деді Нысанбаев.