• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Елімізде 500 мың жұмыс орны құрылады

98 рет
көрсетілді

Қазақстанда Нәтижелі жұмыс және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы аясында жартты миллион жұмыс орындары құрылады. «Осы үш  бағытты жүзеге асыру кем дегенде 500 мың жаңа жұмыс орындарын құруға, өзін жұмыспен қамтығандар табысын 36 пайызға арттыруға, сондай-ақ ЖІӨ 0,8 пайызға өсуіне алып келеді деп күтілуде. 2017-2018 жылдары бағдарламаны жүзеге асыруға негізделген шығыстар 66,8 млрд теңгені құрамақ. Осы жылдары қосымша шығыстар қажет болмайды. Тек 2019 жылы қосымша қажеттілік 13 млрд теңгені құрауы мүмкін және бұл мәселе бюджеттік мүмкіндіктер есебінен қаралады», – деді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова. Айта кетейік, жаңа бағдарлама аясында ҰБТ тапсырмаған мектеп түлектері бірінші кәсібін тегін алады. Сонымен қатар жеке бизнес ашу үшін шағын несилердің қолжетімдігі жеңілдейді. Құжат аясында табысы төмен тұрғындарды бизнес негіздеріне оқыту, жұмыс іздеудің бірыңғай базасын құру секілді қадамдар ескеріліп отыр.