• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
29 Қараша, 2016

Ұзынғашта үш ағайындыны өлтірген қылмыскерге жаза кесілді

148 рет
көрсетілді

Алматы облысында үш ағайынды – Жарқынбек Долдан, Мұқият Зарлыхан және Әлімхан Қаділбектерді өлтірген күдіктілерге қатысты сот үкімі шықты. Сот бас күдікті Талғат Сүлейменовті өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы жаза тағайындады. Ол ендігі өмірін темір тордың арғы жағында, ерекше режімдегі колонияда өткізетін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілісі. Оқиға бойынша басқа қылмыскерлер Мұрат Оңалбаев 25 жылға кесілді. Ол да ерекше режімдегі түрмеде ұсталады. Ал ауыр қылмысқа куәгер бола тұра ешкімге хабарламаған Бақыт Байқасымов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұдан бөлек, сот Сүлейменов пен Оңалбаевты өлтірілген әр азаматтың отбасына моральдық шығын үшін он миллион теңгеден өтемақы төлеуді міндеттеп отыр. Қарасай аудандық сотында үш ағайындыны өлтіргендердің ісі қаралған болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, қаза болғандардың жақындары мен туыстары моральдық шығын талап еткен болатын. Олар судьядан 45 млн теңге өндіріп беруді сұрады. Ал жәбірленуші тарап қылмыскерлерді өлім жазасына кесуді сұраған еді. Айта кетейік, қыркүйек айында ағайындылар Ұзынағашқа мал сатуға (40 ірі қара мал) кетіп, із-түзсіз жоғалып, артынша олардың өлі денелері табылды.