• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Қазақстан оқушылары халықаралық зерттеуде үздік атанды

260 рет
көрсетілді

Қазақстан жаратылыстану-математикалық білімнің сапасы бойынша TIMSS рейтингінде көшбасшы елдер қатарына енді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде алғаш рет өткізілген жаңа үлгідегі ақпараттық кездесуде Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ақпараттық-аналитикалық орталығы» АҚ президенті Серік Ырсалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, зерттеу нәтижелеріне сәйкес Қазақстан жаратылыстану-математикалық білім сапасы бойынша көшбасшы-елдер қатарына енді, ал қазақстандық оқушылардың нәтижелері әлемдік орташа көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары болып шықты. «Қазақстандық мектептердің сегізінші сынып оқушылары 2011 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда математика бойынша нәтижелерін 41 баллға, жаратылыстану ғылымы бойынша 43 баллға жақсартты. Бұл Қазақстанға әлемнің 39 елі арасынан сәйкесінше сегізінші және тоғызыншы орындарды иеленуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар 4 сынып оқушыларының көрсеткен нәтижелері де таң қалдырды. Жаратылыстану ғылымы бойынша орташа балл өсімі 55 балл, математика бойынша 43 баллды құрады», – деп атап өтті С. Ырсалиев. Осылайша, халықаралық зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстан оқушылары АҚШ, Англия, Германия, Канада, Австралия, Израиль, Швеция, Дания, Нидерланды, Польша, Чехия, Литва, Малайзия, Түркия және басқа да елдерден келген қатарластарын басып озған. TIMSS – бұл 4 және 8 сынып оқушыларының жаратылыстану мен математика ғылымдарынан дайындық деңгейін бағалайтын алғашқы халықаралық зерттеу. Төрт жылда бір рет жүргізілетін зерттеуге 60-тан астам ел қатысады. Айдар Өрісбаев, "Егемен Қазақстан".