• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
30 Қараша, 2016

Екібастұзда жаңа жатақханада ашылды

142 рет
көрсетілді

Екібастұз қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 36 пәтерлік жатақхана ашылды, деп хабарлады Жалпы алаңы 3006 шаршы метрлік ғимарат 172,2 млн теңге қаражатқа сатып алынды. Ішкі саясат бөлімінен хабарланғанындай, жатақхана «ЖЖК 2020» бағдарламасы бойынша жұмыс күшін жұмылдыруды арттыру үшін адамдарды ерікті түрде пәтерге орналастыру қағидасына сәйкес, «Жұмыс берушінің сұранысы аясында оқыту және пәтерге орналастыру арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» атты үшінші бағыт аясында ашылды. Бүгін 36 өтініш берушіге кілт табыс етілді. Екібастұз қаласында аталған бағдарламаны іске асыру кезеңінде ауылдан қоныс аударушыларға 110 пәтерлік көпқабатты екі тұрғын үй пайдалануға берілді және 29 жасқа дейінгі жастар жалпы алаңы 1786 шаршы метр болатын 74 бөлмелік бір жатақхананың иесі болды.