• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
01 Желтоқсан, 2016

Құлаған ұшақ пилотының соңғы сөздері жария етілді

331 рет
көрсетілді

Колумбия ақпарат құралдары 29 қараша күні апатқа ұшыраған ұшақ пилоты мен диспетчерлердің арасындағы әңгіменің соңғы минуттарын жариялады. Байланыс жоғалар алдында пилот ұшақтың электрдің мүлдем өшіп қалғанын және жанармайдың таусылғанын айтады. Британдық Mirror басылымының хабарлауы бойынша, құлардың алдында ұшақ пилоты Микель Кирога электрониканың мүлдем өшіп қалғанын айтып, ұшақты басқаруға көмектесуді сұраған. Диспетчермен байланыс жоғалар алдындағы пилоттың соңғы сөздері мынандай болған: «GPS істеп тұрған жоқ, не болғанын білмеймін. Электрониканың бәрі істен шықты, электрониканың бәрі істен шықты! Қону координаттарын беріңіздер! Құлап бара жатырмыз. Көмектесіңдер. Координаттарды беріңіздер! 1000 фут биіктеміз!» Ішінде Бразилияның  «Шапекоэнсе» футбол командасы бар 72 жолаушы мінген ұшақ Колумбияның Мидельин әуежайы маңында құлаған болатын. Апаттан 6 адам аман қалды, оның біреуі команданың резервтегі қақпашысы.