• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Жас ұрпақтың қуаты – Қазақстанның қуаты

377 рет
көрсетілді

Кеше Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өзгеше сипаттағы жиын – республикалық жастар форумы өтті. Бұл шараға Қазақстанның барлық өңірінен 1000-нан астам адам, соның ішінде кәсіпкерлер, өндірістің түрлі саласының еңбеккерлері, ғалымдар, студенттер, танымал спортшылар мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты. «Қазақстан жастары бақытты бол­сын! Қазақстанымыз, еліміз мәң­гі­лік болсын!». Тәуелсіздік сарайын­да ұйым­дастырылған форум­ға қаты­с­у­ға арнайы келген Елбасы ал­ғаш­қы сөзін осылай бастады. Мем­ле­кет басшысы бұдан кейін Қазақ­стан­­дағы 15-тен 29 жасқа дейінгі 5 мил­лион­ға тарта жасты форумның ашылуы­мен құттықтап, үлкен бақыт, зор денсаулық тіледі. «Бұл басқосуға еліміздің әр түкпірінен сан түрлі мамандықты игерген жастар жиналып отыр. Жас ұрпақтың қуаты – Тәуелсіз Қазақстанның қуаты. Бүгін – Тұңғыш Президент күні. Бұл – қазақ қазақ болғалы, Тұңғыш Президентін бүкіл халық болып, дербес түрде сай­лаған елдің қуанышты күні. Екінші қуаныш – ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Бұл – ата-баба арманының орындалғанының айғағы. Біз бар­лық қиыншылықты көтеріп, елімізді әлем кар­тасында белгіледік, сол ар­қы­­лы оның дәрежесін көтердік. Ал елі­­міз ме­­рей­інің үстем болуы – бар­­ша хал­­қы­мыз­дың еңбегінің ар­қасы. Біз бүгінгі күнге дейін жүзеге асы­рыл­ған шаруалардың барлығын ай­тып жүр­міз. Уақыт зымырап өтіп жа­тыр. Бар­лығы өте тез. Сондықтан, жастары­мыз бүгін­гі ахуалды, төңіректегі жағ­дай­ды осылай болуы тиіс деп ой­лай­­ды. Ол да дұрыс. Себебі, біз де солай ойлағанбыз. Бірақ та, аға буын­ның, ата-әжелеріңнің, әкелерің мен ана­ларың­ның істеген қыруар жұ­мы­сы­ның арқасында ғана біз Қазақ­станы­­мыз­ды осындай жағдайға жеткіз­дік. Бұрын біз Кеңес Одағының бір бөл­шегі едік. Ешкімге белгісіз. Сол бөл­шек­тен ел жасау, жұрт жасау, оның ба­р­лық қажетті рәміздерін қабылдау, дү­ние жүзіне паш ету оңай болған жоқ. Түрлі қиындықтан өттік. Бүгін әл-ау­қаты орта деңгейден жоғары мем­ле­кет­тердің ішіне кірдік. Бұл – бар­лы­ғы­мыздың еңбегіміздің арқасы. Әрине, бүгінгі заман оңай емес. Сон­дық­тан, болашаққа қарау керек», деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Елбасы: «Сіздер Тәуелсіздікпен құрдас­сыздар. Сіздер Отанымыз­дың кеңестік тари­хы, әке-шеше­леріміз өмір сүрген жү­йе, тәуелсіз Қазақстанның ал­ғаш­қы қиын­дықтары туралы білмейтін алғашқы буынсыздар. Сіздерге басқа өмір таныс емес. Алайда, Тәуелсіздіктің бізге ғана емес, барлық халықтарға үлкен қиын­дықпен келетінін білулеріңіз қажет, – деді жиын аясында сөйлеген сөзінде. – Еліміз қиын жолды бастан өткерді. Мәселен, гиперинфляция, жаппай жұмыс­сыздық, өнеркәсіп орындарының жабылуы, жалақы мен зейнетақының жоқтығы. Сондай кезде бізге жұмыс істеу керек болды, Қазақстанның аяғынан тұрып кете алатынын дәлелдеу қажет болды. Бұл ретте түрлі жорамалдар айтылды. «Көп ұлтты, ішкі тұрақсыздығы, әлсіз экономикасы бар Қазақстан мемлекет бола алмайды» деген пікірлер болды. 90-жылдардың басындағы ешкім білмейтін, тұрмыс деңгейі өте төмен елдегі жағдай осындай еді. Алайда, біз бәрі керісінше екенін дәлелдедік». Елбасы, сонымен қатар, Парламент­ті неліктен бірнеше рет таратуға тура келгеніне де тоқталды. «Ескі жүйе бойынша сайланған Парламент жаңа реформаларды жасауға қарсылық көрсетті. Сондықтан, жауапкершілікті көтеруге тура келді. Бір жағынан олар­ды да кінәлауға болмайды. Себе­бі, олар басқа формацияның адам­дары еді. Жекешелендіру, нарық, ер­кін эко­но­мика, еркін саясат сияқты ұғым­дар оларға түсініксіз болатын. Осылай­ша, сол дүрбелең жылдары биліктегі қатаң конфронтация жағдайында бір­неше рет Парламентті таратып, жауап­кер­ші­­лікті өз мойныма алуға тура келді. Сөйтіп, бес айда заңдық күші бар 147 Жарлықты дайындап, жарияладық. Ал бұл шешімдер Қазақстанның өзге посткеңестік елдермен салыстырғанда әлдеқайда алға озуына мүмкіндік берді», деді Елбасы. Мемлекет басшысы өз сөзінде еліміз тәуелсіздік алған бастапқы уақыт­тағы мемлекеттілікті қалыптас­тыру­дың қиын кезеңі туралы әңгіме­леп, республикамызда жастар­дың өмірден өз орнын табуына бірегей мүмкіндіктер жасалғанына, жедел өзгеру үстіндегі қазіргі әлемнің заманауи талаптарына сай келетін, сын-қатерлеріне лайықты төтеп бере­тін сапалы білім алудың маңыз­ды­лы­ғына назар аударды. Еліміздің жет­кен та­бы­сының тарихы – ең алды­мен оның жастары қол жеткізген табыс­тың тарихы екенін атап өтті. «Жас ұр­паққа, өткеніміз бен келе­ше­гі­м­ізге қамқорлықпен қарау әрқа­шан менің саясатымның басты мән-маңызы бо­лып келеді. Әрбір жас қазақ­стан­ды­қ­тың білім алуына, жұмыс істеуіне, от­басын құруына, баспана алуына мүм­кіндігі бар», деді Елбасы. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев «Баршаға – кәсіби білім» бағдарлама­сы­ның енгізіліп жатқанын айтты. «Мемлекет баршаның өндірістен жұ­мыс орнын табуына кепілдік бере­тін өмірдегі алғашқы жұмысшы ма­ман­дығын тегін алуға мүмкіндік ту­ғы­зып отыр», деді Қазақстан Прези­денті. Осылай дей келе, Президент жұмыс­шы жастарды құрметтеуге ша­­­қыр­ды. «Әлемде барлық нәрсе жұ­мыс­­шы қолымен жасалады. Біз ком­пью­тер алдында отырамыз. Алай­да, дәнді-дақылды себетін, жи­най­­тын, нан пісіретін, темір қоры­татын – жұ­мыс­­шылар. Олар маши­на жүр­гізе­ді, үйлер салады, жөн­дей­ді, зауыт­тар тұр­­ғызады. Бұл жерде ме­нің айт­пағым мынау: кез кел­ген эконо­ми­ка жұмыс­шы­­лардың арқа­сын­да дами­ды. Сон­дық­тан, жұмысшы жас­тар­ға құрмет көрсе­тейік», деді бұл орайда Елбасы. Сонымен қатар, Мемлекет бас­шысы жеті жыл бұрын бастал­ған «Дип­лом­мен – ауылға!» бағдарла­масына да тоқталды. «Бәрі ауылдан қалаға жаппай қоныс аударған кездер болды. Бұл – бүкіл әлемде бар процесс. Яғни, үлкен қалалар әрқа­шан адамдарды өзіне тартады. Алай­да, біздегі жағдай өзгеше. Құнар­лы жерлері, 40 миллион гектар егіс алқабы, 290 миллион гек­тар жайы­лым­дық жерлері бар еліміз бүкіл әлемді органикалық өнімдермен қамти алады. Бүгінде тұрғындар саны өсіп келеді, ауыл шаруашылығы өнім­­деріне сұраныс та бір орнында тұр­­май, өскен үстіне өсе береді. Ауыл шаруа­­шы­­лығына сұраныс та ұлғая бер­­мек. Өйткені, қалай болғанда да, адам­­ға әрқашан күніне үш мезгіл тамақ ішу керек. Сол себепті біздегі ауыл шаруа­­шылығы саласының бола­ша­ғы үлкен», деді Нұрсұлтан Назарбаев.  Жиын барысында Мемлекет бас­шысы «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасы аясын­да жас кәсіпкерлерге қолдау көр­сету ісіне зор мән беріліп отыр­ға­нын айтты. «Тек 2016 жылғы бірін­ші жартыжылдықта жас бизнес­мен­дердің 55 жобасына банк несие­лері­нің пайыздық төлемдерін мем­лекет тарапынан субсидиялау түрін­дегі қаржылық қолдау көр­сетілді. Біздің мақсатымыз – еліміз­дің шағын және орта бизнесінің Қазақ­стан өнімінің жартысынан астамын өндіруіне қол жеткізу», – деді Елбасы. Сонымен бірге, Пре­зи­дент қазір Қазақстанда бизнес ашу үшін таптырмайтын кезең екенін жеткізе келе: «Жаңа ин­дус­триялық жобалар көптеп ашы­­лып жатыр, бүгінде индус­трия­­лық бағ­дарламаны іске асыру­да­­мыз. Жел­тоқсанның 6-сы күні оның қо­ры­тындысын шы­ға­ра­мыз. Ал­ғашқы бес жыл ішін­де 1000-нан аса кәсіпорын ашыл­ды. Келесі бес жылда тағы 300-400 кәсіп­орын ашылмақ. Бұған қоса, ірі кәсіп­орындардың айна­ла­­сын­да шағын кәсіпорындар да пай­да болуда. Бұл кәсіпорындар ауқым­­ды компанияларға сервистік қыз­мет көрсетеді», – деді. Мемлекет басшысы қазіргі таңда жекешелендірудің жүріп жат­қ­анын, сондықтан осы мүмкін­дікті пайдаланып, жұмыс істеу керек­­тігін, ал жастардың бұл про­цес­ке қатысуы үшін оларға кө­мек­тесу­лері қажеттігін де жеткіз­ді. Қазақстан Президенті «Жасыл ел» студент және жастар жасақтары жұмысына қатысушыларға айрық­ша ризашылығын білдірді. «Ең­бек жасақтарының жұмысына 250 мың­нан астам жас атсалысты. Олар 150 мың гектар жерге 50 мил­­лион­ға жуық ағаш отырғызды. Ең­­бек жасақтарының ізгі мақсаты – елі­мізді көгалдандыру және оның эко­ло­гиялық тұрғыдан таза болуын қам­тамасыз ету», – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдарын­да жас зерттеушілер мен ғалым­дар санының артқанын айт­ты. «Жастарымыздың әлем­дік дең­гейдегі Назарбаев Универ­ситет­те білім алуына мүмкіндіктері бар. Бүгін жастар алдында бар әлем­­нің есігі ашық. Сіздер жақсы уа­қыт­та өмір сүріп, болашаққа нық қадам басып бара жатқан елмен бірге өсіп келесіздер. Ел ішін­де де, әлемде де, соның ішінде мем­­­ле­­­кет­­тер арасындағы қарым-қаты­­­нас са­ла­сында да жұмыс жа­сай­тын бір ғана қағида бар, ол – бәсе­­­ке­­лік­­тің мәңгілік механизмі», – деді Елбасы. Президенттің айтуын­­­­ша, соңғы 5 жылда жас ға­лым­­­­дар саны 60 пайызға артқан екен. «Бізде Қазақстанның атын әлем­­­ге таны­татын ғалымдар же­тер­­­лік. Талант­ты жастар бар, олар­­­­­дың ниет­тері де, ойлары да бар. Мен Қазақ­станның бар­­лық жас ға­лым­­­­дарына зор табыс­тар тілей­­мін. Сіздер біздің тара­пы­­мыз­­дан үл­кен қол­дау­ды сезі­ніп отыр­сыз­дар. Мәселен, біз Білім туралы ар­­­на­йы заң қабыл­дадық. Егер сіз­­д­ер­­­дің нақ­­ты жобаларыңыз, стар­тап­­­тары­­­ңыз болса, онда комис­­сия оның қан­ша­лықты өмір­шең еке­нін анық­­тап, соған сай қар­­жы бөле­ді», – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті ғылым­и қамтымды экономикаға көшу оның өсімінің икемділігін, қарқын­дылығын және орнықтылы­ғын қамта­масыз ететінін атап өтті. «Сон­дықтан Қазақстанның әлем­дегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуы ғылыми қамтымды эко­но­­ми­­каға негізделуге тиіс. Әлем жаңа технологиялық дәуір­ге аяқ басты. Оның үрдістері таңғал­ды­ра­ды, тәнті етеді және тамсан­ды­­ра­­ды, сонымен бірге, ол елдің келе­шегіне қатысты мәселеге орай қатаң талап қояды. Болашақ біздің ал­ды­мызға мынадай үзілді-кесілді шарт қойып отыр: бар бол, жетіл немесе жоқ бол»! – деді Мемлекет басшысы. Форум аясында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа технологиялар заманында қоғам үшін сын-қатер болып саналатын құбылыстарға айрықша тоқталды. «Бұл иннова­ция­лардың артында тұрған негізгі әлеуметтік сын-қатер, ол – көп­теген кәсіп түрінің жойылуы, жұмыс орындарының жап­пай қысқаруы, яғни жаһан бойын­ша жұмыспен қамту аясының тарылуы. Бұған дейін менің бастамам­мен әзір­ленген инновация­лық индустрия­ландыру, «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдар­ламаларымен тығыз байланысты Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамының өзектілігі ерекше артып келеді», – деді Елбасы. Сондай-ақ, Қазақстан Прези­денті дамыған елдердің универ­си­тет­терінде қарқын алып келе жатқан жастар инновациясына баса назар аударды. «Қазақстан студенттері ортасында да стартап санының артуы үшін осындай қолайлы жағдай жасау қажет деп санаймын. Қазір еліміздің жетек­ші жоғары оқу орындарында да алғаш­қы табысты жобалар пайда бола бастады. Осы тәжірибені өрістете түсу керек. Бұл – Білім және ғылым министрлігі басшы­лығының, жоғары оқу орындары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басшыларының міндеті», – деді Мемлекет басшысы. Бұдан бөлек, Қазақстан Прези­денті туризм, құрылыс, халық­қа қызмет көрсету салаларында, жеңіл өнеркәсіп пен ауыл шаруа­шы­лы­ғында еңбекпен қамтуға және кәсіпкерлікті дамытуға мол мүм­кіндіктер бар екенін айтты. Нұрсұлтан Назарбаев, соны­мен қатар, спортшылар мен шығар­­ма­шыл жастарға, барлық жас өнер қайраткерлеріне ыстық ықыласын білдірді. Бұл ретте, Елбасы мәде­ни бағдарлама аясын­да және «Бола­шақтың энергия­сы» атты тақырыппен өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көр­ме­сіндегі волон­тер­лер жұмысы барысында Қазақ­стан­ды лайық­ты деңгейде таныту­ларына тілектес­­тігін жеткізді. Сөзінің соңында Қазақстан Президенті баршаға денсаулық, бақыт және игілік тілеп, мемлекет­тің барлық табысына еліміздегі тұрақтылықтың, тыныштықтың және 100-ден астам этнос өкілдері достығының арқасында қол жеткізілгенін атап өтті. Форум барысында Астана қала­лық мәслихатының депу­таты А.Оралов, «Болашақ» бағдар­лама­сының стипендиаты, театр және кино актрисасы А.Әлімжан, «Зерде» ұлттық ақ­па­раттық-ком­­му­ни­кациялық хол­дингі» АҚ бас­­қар­­масының төр­айымы Ә.Жиен­баева, Қазақстан халқы Ассам­б­лея­сының белсендісі М.Спот­кай, 2016 жылғы Азия IT кон­ферен­циясының жеңімпазы С.Нәукенов, «Қазақстан алю­минийі» АҚ эко­но­мисі Ә.Досанова, «Open Technologies Group» ком­пания­сының негізін салушы Қ.Ахметов, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төр­аға­сы Қ.Төлеушин, «Жасыл ел» жас­­тар еңбек жасақтары респуб­ли­ка­­лық штабы» жекемен­шік ме­ке­ме­сі­нің басшысы Р.Хами­дул­­лин, Қараған­ды мемле­кеттік уни­­­вер­ситеті «Роботтар мен ақыл­­­ды ма­ши­налар зерт­хана­сы­ның» мең­ге­рушісі Н.Есмағам­бетов, грос­см­ейстер, шахмат­тан халық­­ара­лық турнирлер чемпионы Д.Сәдуақасова, кәсіп­кер, «Қазақ­­стандық OTAN сағат ком­пания­­сының» басшысы А.Тоқ­сан­баев, Мюнхендегі Мак­­­си­­ми­лиан Людвиг универ­сите­ті­­нің док­торанты Қ.Әбдиева, «TERRAPOINT» ЖШС инженері Д.Хомен­ко секіл­ді белсенді жастар сөз сөйледі. Мәселен, Астана қалалық мәс­ли­хатының жас депутаты Асхат Оралов бұл ерекше күн екенін, себебі, форумның Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Қазақстан Рес­публикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі аясында өткізілуі ел жастары үшін зор мәртебе екенін жеткізді. «Әсіресе, осы айтулы шараға Өзіңіздің тікелей келіп қатысуыңыз оның маңызын одан әрі арттырып отыр. Мұны Сіздің Қазақстан жастарына көрсеткен шексіз қамқорлығыңыз бен үлкен сеніміңіз деп білеміз. Биыл еліміз үшін ерекше мереке аталып өтеді. Ол – ел Тәуелсіздігінің 25 жыл­дық мерейтойы. Осы ширек ға­сыр­­дың ішінде Сіздің дана бас­шы­лы­ғыңызбен еліміз толағай табыстарға қол жеткізді. Солардың ішінде, әсіресе, жастарға бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер беріліп, даңғыл жолдар ашылды», – деді мәслихат депутаты. Осылай деген ол, форум делегаттары мен бүкіл ел жастарының атынан Елба­сына ел Тәуелсіздігі жолында ат­қа­рып келе жатқан еңбегі үшін ал­ғы­сын білдірді және Тұңғыш Пре­зи­дент күнімен құттықтады. Елордада ұйымдастырылған республикалық жастар форумына қатысып, Елбасының алдында сөз сөйлеген белсенді азаматтардың бірі – Арман Досханбаев деген жас кәсіпкер. Ол алғашқы кәсі­бін 17 жасында бастапты. «Мен ол кезде Қарағанды қаласында компьютерлік техника бойын­ша жеке кәсібімді ашып, соны дөңгелеттім. Айына 300 мың теңгеге жуық қаржы табатынмын. Ол мектеп оқушысы үшін үлкен табыс еді. Қазір жасым 25-те. Менің 4 компаниям бар. Оның бі­реуі­нің өзінен жылына 168 мил­лион теңге қаражат түседі. 33 адамды жұмыс орнымен қам­тама­сыз етеді», – деді ол. Сонымен қатар, А.Досхан­баевтың «Отан» бренді­мен сағат жасайтын кәсіпорны бар екен. «Бұл кәсіпорным «Қазақстанда жасалған» жобасын іске асыруға үлес қосуда. Сіз­дің тапсыр­маңыз­бен жүзеге асы­рылып жатқан «Биз­нестің жол картасы-2020» бағ­дар­­­ламасының арқасында біздің кәсіпорын үлкен серпіліс алды. Осы үшін Сізге зор алғыс айта отырып, Өзіңізге арнап жасаған қолсағатты сыйға тартуға рұқсат етіңіз», – деді Арман Досханбаев. Ал Президент жас кәсіпкердің сыйлығын ерекше ықыласпен қабыл ала отырып, «Жарайсың! Енді біз швейцариялық емес, өзіміздің саға­тымызды тағатын боламыз», – деп ризашылығын білдірді. Тағы бір жас кәсіпкер Медет Байкен кезінде «Болашақ» бағдар­ламасы негізінде Лондонда білім алып келген екен. Қазіргі таңда ол еліміздегі қоғамдық маңы­з­ы бар жобаларға атсалысып жүр­ген көрі­неді. «Биыл жазда Атырау қала­сында заманауи концептуалды сау­да, ойын-сауық орталығын, одан кейін «Төмен баға – жоғары сапа» форматындағы гипермаркет ашып, жерлестерімізді 1 мың­нан астам жұмыс орнымен қамта­масыз еттік. Өткен аптада ғана атыраулықтар көптен күткен балалар ойын паркінің тұсауын кес­тік. Біздің мақсатымыз – өңір­дегі сауда жүйесін заманауи стан­­дарттарға сәйкестендіру. Өзі­міз қолға алған жобаларға жал­пы сомасы 10 миллиард теңге көлемін­де инвестиция тарттық. Олар­дың басым бөлігі – несиелік қаржы. Алайда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясын­да біршама жеңілдіктерге қол жет­кіздік», деді М.Байкен. «Болашақ» бағдарламасының тағы бір түлегі, театр және кино актрисасы Ақкенже Әлім­жан: «Сіз бір сөзіңізде зама­науи әлем­де елдің қуаты, ең алды­мен, азамат­­тарының білімімен өл­ше­неді деген едіңіз. Қуатты Қазақ­­­стан­ның бүгінгі таңда ірге­сін қалаушы жас­­тар­дың білім деңгейі, бәсекеге қабілеттілігі, хал-ахуалы – бар­лығы Сіздің назары­ңызда. Жас­тар Сіздің қол­дауы­ңыз­ға ие. Оны баршамыз біле­міз. Сіздің бас­тамаңызбен жүзеге асқан «Болашақ» бағдар­лама­сы білікті де білімді, Отан­шыл, озық ойлы жастарды тәр­бие­­леп үлгерді. Мен де сондай жас­­тар­­дың қатарында өмірде де, өнер­де де өз жолымды таптым деп есептеймін. Осы үшін Сізге ал­ғы­сымды айтамын», деді. Форум барысында еліміздің түкпір-түкпіріндегі ғана емес, шет елде білім нәрімен сусын­дап жатқан басқа да озық ойлы Қазақ­стан жастары бейнебай­ла­ныс­қа шығып, өздеріне көрсет­кен қолдау-қамқорлығы үшін Мем­лекет басшысына ризашы­лық­тарын білдіріп, алғыстарын жаудырды. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Суреттер Президенттің баспасөз қызметінен алынды