• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
02 Желтоқсан, 2016

Желтоқсанда ауа райы қандай болады?

1255 рет
көрсетілді

Еліміз бойынша желтоқсан айында жауын-шашын болып, кей жерлерде қар жауады. Айдың ортасында ауа температурасы түнде төмендеп, солтүстік және орталық аймақтарында 17 градусқа дейін суытса, оңтүстікте 3 градус нөлден жоғары болады, деп хабарлайды Today.kz. Астана қаласында ауа райы 7-13 градус нөлден төмен болады. Синоптиктердің болжамы бойынша, желтоқсанның бірінші жартысында ауа райы  жауын-шашынды болуы ықтимал. Ал айдың екінші жартысында құрғақ және ашық ауа райы сақталады. Алматыда ауа температурасы 7-9 градус жылықты көрсетеді. Ал ең жылы күні желтоқсанның 20-сы мен 26-сы аралығында сақталып, күндіз 16 градус жылы, түнде 6 градус нөлден төмен болады. Десе де желтоқсанның соңында жауын-шауын болып, ауа температурасы нөлден жоғарыны көрсетеді. Ақмола облысында ауа температурасы 8-14 градус төмендікті құрайды. Бүкіл бір ай бойы көшпелі бұлт шығып, қар жауады. Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасы 8-16 градус, екінші онкүндікте күн суытып, күндіз 21 градус, түнде 25 градус нөлден төмен ауа райы сақталады. Ақтөбе облысында ай бойы 8-10 градус суықтықты көрсетеді. Желтоқсанның басында кейбір жерлерде қатты қар жауып, ауа температурасы күндіз 1-11 градусқа дейін төмендеп, түнде 16 градусқа дейін суық болады. Айдың ең суық күні желтоқсанның 15-і. Бұл күні күндіз 11 градус, түнде 22 градусқа дейін төмендеп, аяз болады. Алматы облысында айдың орташа температурасы 5-7 градус жылылықты көрсетеді. Айдың бірінші онкүндігінде ауа райы суық болып, кейбір жерлерде жауын-шашын болады. Айдың ең жоғарғы температурасы желтоқсанның 29-ы күні 9 градус жылылықты көрсетеді Атырау облысында ауа температурасы 3-5 градусты құрайды. Айдың бірінші онкүндігінде жауын-шашын болып, күндіз 2 градусқа дейін жылы болады. Екінші онкүндікте күн суытып, кейбір жерлерде тұрақсыз ауа райы сақталады. Батыс Қазақстан облысында ауа райы 11 градус суықтықты көрсетеді. Желтоқсанның алғашқы күндері күн ашық болып, күндіз ауа температурасы 6 градусқа дейін төмендейді. Айдың екінші онкүндігінің ортасында 1 градусқа дейін жылы болып, үшінші онкүндікке дейін қатты жел сақталады. Айдың бітуіне он күн қалғанда жауын-шашын болмайды, ең жоғарғы ауа температурасы күндіз 4-6 градусқа төмендейді. Айдың ең суық күндері желтоқсанның 27-сі. Бұл күні күндіз 15 градус, түнде 16 градус төмендікті көрсетіп, аяз болады. Жамбыл облысында айдың орташа температурасы 5-9 градус жылықты көрсетеді.  Күн ашық, құрғақ болып, жауын-шашын күтілмейді. Екінші онкүндікті қоспағанда, ай бойы құрғақ ауа райы болады деп күтілуде. Желтоқсанның басында ең жылы күндер болады. Күндіз 8-9 градус, түнде 1-3 градусқа дейін ауа температурасы жоғарылайды. Айдың екінші онкүндігінің басында жылылық сақталып, күндіз 5-6 градус, түнде 1-2 градус жоғарылықты көрсетеді. Айдың ең соңғы шешуші онкүндігінде ауа температурасы күндіз 7-12 градус жылы болады. Ай жылы, әрі ашық ауа райымен аяқталады. Күндіз 5-7 градус жоғарылықты көрсетіп, желтоқсанның 27-сі мен 28-і күндері жауын-шашын болады деп күтілуде. Қарағанды облысында ауа температурасы 11 градус суықтықты көрсетеді. Желтоқсан айының басынан ортасына дейін көшпелі бұлт шығып,қатты жауын-шашын мен қар жауып,жолдарда көктайғақ орын алады. Суық ауа температурасы желтоқсанның 12-сі мен 13-і күндері болады. Бұл күндері термометр бағаны күндіз 14 градус, түнде 17 градусқа дейін нөлден төмен болады. Қостанай облысында айдың орташа температурасы 14-16 градус болады. Желтоқсан айында көшпелі бұлт шығып, қар жауады деп күтілуде. Бірінші онкүндікте ауа температурасы 10-12 градус суықтықты көрсетсе, екінші онкүндіктің ортасында күндіз 26 градус, түнде 30 градусқа дейін күн суытады. Қызылорда облысында ауа райы 2-4 градус жылылықты көрсетеді. Айдың басында аздаған жаңбыр жауып, көшпелі бұлт шығып, күндіз бес градусқа дейін жылы болады. Екінші онкүндіктің басында жауын-шашын сақталып, түнде 6 градусқа дейін суытып, үсік жүруі мүмкін. Маңғыстау облысында айдың орташа температурасы 4-6 градус жылылықты көрсетеді. Айдың басында жауын-шашын болып, көшпелі бұлт шығады. Ең жоғарғы температура күндіз 8 градус, түнде 4 градус жылы болады. Айдың ортасында жауын-шашынсыз, күн ашық, күндіз 10 градус, түнде 3-5 градус нөлден жоғары. Оңтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 7-9 градус жылылықты көрсетеді. Айдың бірінші онкүндігінде аймақта жауын болып, күндіз 14 градусқа дейін жылы болады.Желтоқсан айының екінші онкүндіктің аяғынан соңғы онкүндіктің аяғына дейін, жылы, құрғақ ауа райы сақталады. Павлодар облысында айдың орташа температурасы 10-12 градус суықтықты көрсетеді. Желтоқсанның ортасына дейін жауын-шашын сақталады. Бұл күндері күндіз 18 градус, түнде 22 градусқа дейін төмендейді. Осыдан кейін аймаққа жылы ауа циклондары келеді. Термометр бағаны 7 градус төмендікті көрсетеді. Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы 15-17 градус суықтықты көрсетеді.Қыстың бірінші айында облысқа жауын-шашынмен араласқан қар түседі. Айдың соңына дейін жаңбырлы және суық ауа райы сақталып, күндіз 3-20 градус, түнде 26 градусқа дейін нөлден төмен болады. Шығыс Қазақстан облысында айдың орташа температурасы 5-7 градус суықтықты көрсетеді. Айдың басында жауын-шашын түседі. Ең суық күндер желтоқсан айының 20-ы мен 21-і. Күндіз 6 градус, түнде 15 градусқа дейін суықтықты көрсетеді. Екінші және үшінші онкүндіктің басында ашық ауа райы болжанып, одан кейін бірден жауын-шашын болып, көктайғақ орын алады.