• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Инфрақұрылым 09 Ақпан, 2026

Елорда мен Талдықорған арасында жаңа пойыз қатынайды

20 рет
көрсетілді

Жаңа бағытты іске қосу туралы шешім депутаттардың бастамасымен және ел азаматтарының өтініштері негізінде қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік министрлігі бұл формат бастапқы кезең екенін атап өтті. Тұрақты жолаушылар сұранысы қалыптасқан жағдайда вагондар саны мен қатынау жиілігі кезең-кезеңімен ұлғайтылатын болады. Бұл маршрутты халықтың қажеттіліктеріне икемді түрде бейімдеуге мүмкіндік береді.

Қостанай облысында 6 теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтіп жатыр

«Алғашқы кезеңде ұлттық тасымалдаушы тарапынан екі жолаушылар вагоны бөлінді. Олар №122/121 «Нұрлы жол – Семей» пойызының құрамында күнара қатынайды. Ақтоғай станциясында бұл вагондарды №631/632 «Ақтоғай – Талдықорған» пойызына қайта тіркеу қарастырылған», делінген хабарламада.

Аталған бағыт бойынша алғашқы пойыздар 2026 жылдың сәуір айынан бастап қатынай бастайды. Бұл оқиға Талдықорған қаласындағы қайта жаңғыртылған теміржол вокзалының салтанатты ашылуымен тұспа-тұс келеді.

Үнді мұхитына жол: Қазақстан Ауғанстан арқылы теміржол салмақ

Соңғы жаңалықтар