• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
03 Желтоқсан, 2016

Би Боранбай бүгінге қадам басты

393 рет
көрсетілді

Тарбағатай ауданының Қызыл­кесік ауылында ел Тәуелсіз­дігі­­нің 25 жылдық мерейтойы аясында қазақ тарихында есімі құр­мет­пен атала­тын әйгілі би, батыр Боранбай Қалқа­ман­ұлының ескерткіші ашылды. Атал­ған шараға қоғамдық ұйымдар мен аудан­дық ардагерлер кеңесінің өкілдері және өңір жұртшылығы қатысты. Қазаққа қауіп төндірген жоңғар шапқыншылығының бір легі Барқыт­­бел мен Барлықты асып жөң­кілгені тарихтан белгілі. Ойрат басқыншыларына қарсы соғысқан тарихи тұлғалардың бірі – Боранбай Қалқаманұлы. Тарихи-әдеби деректерде Қаракерей Қабанбаймен есімі қатар аталатын бидің Абылай ханның саясатын іске асыруға қос­қан үлесі өте зор болған көрінеді. – Тәуелсіздік туын тігуге ұмтыл­ған қаһарман бабаларымыздың ерлі­гіне тағзым ету – ертеңін ойлаған ең­селі ұрпақтың асыл парызы. Сол бір дүрбелең дүниенің бүгінге жеткен жа­сын-жаңғырығы ұрпақ санасында жай отындай жарқыл тауып жатса, отан­шылдық мәйегінің толықси түс­­кені, – деді ескерткіштің ашылу сал­та­на­тында аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев. Сондай-ақ, ауылдық мәдениет үйінде дала данасының өмірі мен қызметі жөнінде ғылыми-тәжі­ри­белік конференция өтті. Би Боранбай атын­дағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Гүлбатай Зия­данова Боранбай бидің қай­раткер ретін­дегі болмысына, мек­теп­тегі «Қызылтас қырандары» ақын­дар үйірмесінің жетекшісі Медет Орынғожин «Ақырғы шай­қас» дастанындағы би бейнесіне тоқ­тал­ды. Ал аудандық ақсақалдар кеңе­сінің мүшесі, дербес зейнеткер Мұратбек Қаратаев ауданда соңғы уақытта тарих тағылымын ұлықтаған шаралардың дүркін-дүркін өтіп жатқаны қуантатынын айтты.  Шығыс Қазақстан облысы,