Кеше жоғалып кеткен индонезиялық M-28 Skytruck ұшағының апатқа ұшырағаны белгілі болды, деп хабарлайды ТАСС Сингапурдың Азаматтық авиация басқармасына сілтеме жасап.
"Соңғы сигнал Танджунгпинанг қаласынан 72 км жерде тіркелген. P4201 бортымен байланыс жергілікті уақытпен сағат 11:22-де үзілді. Құрбан болғандар мен ұшақ қалдықтарын табу үшін Сингапур Fokker 50 ұшағы мен Super Puma тікұшағын жіберді", - делінген хабарламада.
Индонезия да іздеу шараларына үш кеме мен 2 қайық жіберді. Соңғы мәліметтер бойынша, ұшақтағы адамдардың ешқайсысы тірі қалмаған. Әзірге олардың нақты саны белгісіз, бірақ онда шамамен 12-19 адам болған деген болжам бар.
Ұшақ Панкалпинанг қаласынан Батам аралдарына бағыт алған болатын. The Straits Times басылымының хабарлауынша, ұшақтың құлауынан бұрын куәгерлер жарылыстың дыбысын естіген.