• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
04 Желтоқсан, 2016

"Астананың" үздік жас ойыншысы анықталды

176 рет
көрсетілді

«Астана» футбол клубының жанкүйерлері команданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында маусымның үздік жас ойыншысын анықтау үшін дауыс берді, деп хабарлайды Sports.kz. Бірінші орынды 38,3% дауыс жинаған Геворг Наджарян алды. 18 жастағы жартылай қорғаушы бұл маусымда 6 матч өткізіп, 6 доп салды. Екінші орынға Мәди Жақыпбаев тұрақтады. Маусым қорытындысы бойынша ол 11 матчта 6 гол салды. Негізгі құраммен 4 ойын өткізіп, клуб тарихындағы ең жас ойыншы атанды. Үздік үштікті Владислав Прокопенко түйіндеді. 16 жастағы форфард 19 матчта 8 гол салған. Дауыс беру қорытындылары: 1. Геворг Наджарян — 38,3% 2. Мади Жакипбаев — 24,3% 3. Владислав Прокопенко — 11,9% 4. Биржн Кульбеков — 5,7% 5. Абай Жунусов — 5,4%. Дауыс беруге 3 936 адам қатысты.