• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2016

Ақмола облысында заңсыз аң аулаған прокурорлар ұсталды

132 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық прокуратурасының 3 лауазымды қызметкері ұсталды, деп хабарлайды Бас прокуратура. «Ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қызметтік жағдайын асыра пайдаланды және заңсыз аңшылық жасады деген күдікпен Ақмола облысы прокуратурасының үш жауапты қызметкерін ұстады», – делінген аталған хабарламада. Сонымен қатар, ведомствоның хабарлауынша, қазіргі уақытта дәлелдемелер жинау және бекіту бойынша қажетті тергеу әрекеттерінің барлық кешені жүргізілуде. Егжей-тегжейлі ақпарат, сондай-ақ, тергеп-тексерудің барысы БАҚ-та жарияланатын болады.