• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2016

Астанада барлық бағыттағы жолдар ашылды

232 рет
көрсетілді

Астанадан барлық бағыттағы жолдар ашылды, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметі Астана қаласынан шығатын барлық бағыттағы тасжолдардың ашылғандығын хабарлайды», – делінген Smart Astana қосымшасында таратылған ақпаратта. Айта кетейік, ауа райының қолайсыздығына байланысты 4 желтоқсан күні сағат 14:14-тен бастап, Астана-Атбасар, Астана-Қарағанды тас жолы қоғамдық және жүк көліктері үшін, 16:40-тан бастап Астана-Көкшетау, Астана-Павлодар жолы көліктің барлық түрі үшін жабылған болатын. Ақмола облысы - 4 желтоқсан сағат 15:15-тен бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қатты жел, жаяу бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) Астана-Петропавл жолының 18-231 шақырымы аралығында (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін) барлық көлік түрлерінің қозғалысы тоқтатылған болатын. 4 желтоқсан сағат 17:00-ден бастап, ауа райының бұзылуына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолы (22-205 шақырым аралығы) барлық көлік түрлері үшін жабылды. 4 желтоқсан сағат 18:00-ден ауа райының нашарлауына (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) орай, «Екатеринбор-Алматы» күре жолының 917856 шақырым (Жақсы кенті - Солтүстік Қазақстан облысымен шекара) аралығы барлық көлік түрлері үшін жабылды. 4 желтоқсан сағат 22:45-тен бастап ауа райының бұзылуынан (күшті жел, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуі) «Екатеринбор-Алматы» күре жолы (917-1006 шақырым аралығы, Жақсы кенті-Атбасар), «Жақсы-Есіл-Бұзулық» (0-82 шақырым), «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» (232-260 шақырым), «Жезқазған-Петропавл» (377-595 шақырым), «Астана-Қорғалжын» (16-169 шақырым), «Астана-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау» (16-51 шақырым), «Екатеринбург-Алматы» (1280-1353 шақырым) тас жолдарында барлық көлік түрлеріне қозғалыс тоқтатылды. Шығыс Қазақстан облысы 4 желтоқсан сағат 14:00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (жаңбыр, көктайғақ) көліктің барлық түрлері үшін республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» (778-1079 шақырым) тас жолы жабылды. 4 желтоқсан 14:00-ден бастап жаңбыр мен көктайғаққа байланысты маршруттық рейстік автобустар мен тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» (8-198 шақырым) жолы жабылды. 4 желтоқсан 15:45-тен бастап бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты барлық автотранспорт үшін Новотроицск ауылына кіреберістегі облыстық маңыздағы жолдың 0-22 шақырым аралығы жабық. 4 желтоқсан сағат 18:00-ден бастап, 5 желтоқсан таңертеңгі 08:00-ге дейін бұрқасын мен көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты республикалық маңыздағы «Өскемен-Зырян-Катон-Қарағай-Рахман қайнарлары» автожолының 4-65 шақырым аралығында барлық автокөлік үшін қозғалыс шектелді. Қарағанды облысы - 4 желтоқсан 15:35-тен бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Алматы-Екатеринбург» (1051-1142 шақырым аралығы Теміртау қаласы-Ақмола облысымен шекара) күре жолы қоғамдық және жүк көліктеріне жабылды. 4 желтоқсан сағат 21:30-дан бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне орай автокөліктің барлық түріне «Жезқазған-Петропавл» жолының (22-252 шақырым аралығы, Сәтбаев қаласы-Қостанай облысымен шекара) учаскесіне шығуға тыйым салынды. Павлодар облысы - 4 желтоқсан 17:00-ден бастап көктайғақ, бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектелуіне байланысты «Астана-Ерейментау-Шідерті» (205-259 шақырым) тас жолының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейінгі учаскесі көліктің барлық түрі үшін жабық болды.