• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2016

Астанада бір күнде көктайғаққа қарсы 55 тонна реагент себілді

308 рет
көрсетілді

Астанада жаңбыр аралас қар жауып, көктайғақ орын алды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. «Астана Тазалық» ЖШС-інің мәліметінше, бір тәулік ішінде қар жинауға 2525 жұмыскер шығып, 1572 техника тартылған, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Көктайғаққа қарсы 55 тонн реагент себіліп, 485 текше метр құм-тұз қоспасы пайдаланылды. Жексенбі күні қала аумағынан 19 249 текше метр қар шығарылған. Алдағы екі күнде ауа райы өзгермейді. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы күндіз -7-9 градус суық болады. Елордада қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Дүйсенбі күні таңертең 2478 жол жұмыскері мен 1086 техника шықты.