• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2016

Яндекс бизнеске арналған ақылы іздеу жүйесін іске қосты

152 рет
көрсетілді

Аталған қызмет банктерге, ритейлерлерге және консалтингтік және зерттеу компанияларына арналған, деп хабарлайды naryk.kz. Яндекстің Yandex Data Factory (YDF) бөлімшесі “Экстракт” атты бизнеске арналған іздеу жүйесін дайындады. Бірінші кезекте «Экстракт» банктерге, ритейлерлерге, консалитнгтік және зерттеу компанияларына арналған. Қызметті арнайы бизнес тапсырмаларын орындлауға үйретуге болады. Бөлімшенің техникалық директоры Сергей Вавиновтың айтуынша, компаниялар әдетте белгілі бір салада мәліметтер іздейді. Мәселен, консалитнгтік фирма Аустралиядағы қытай компанияларының инвестициясын зерттеуі мүмкін. Машиналық оқыту тұжырымдамасы компанияны бағыттауға мүмкіндік береді. Аталған жүйе керекті ақпаратты артық-кемісіз дереу тауып береді. «Экстракт» әзірге тек жабық бета тест түрінде ғана ашылады. Қазіргі таңда РФ Орталық банкі қолдануда. Қазіргі таңда қызметтің құны жекелей есептелуде. Яндекстегі тестілеу нәтижесі бойынша, арнайы тариф бекітілу қарастырылуда.