• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
05 Желтоқсан, 2016

Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

111 рет
көрсетілді

Нұрсұлтан Назарбаев Ш.Мирзиёевті президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында оған табыс және мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі, деп хабарлады akorda.kz. Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастығының басымдығы бар бағыттары бойынша екіжақты қарым-қатынасты одан әрі жандандырудың маңыздылығын атап өтті. Елдер көшбасшылары халықаралық күн тәртібінің және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудың мәселелері жөнінде пікір алмасты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.