• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Отбасы құндылығы бәрінен қымбат

317 рет
көрсетілді

Орталық коммуникация­лар қызметінде Іскер әйелдер қауымдастығының «Қазақстандағы гендерлік саясат: «Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясын» іске асыру нәтижелерін бағалау» жобасының қорытындысына арналған брифинг өтті. Оған Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Раушан Сәрсембаева, Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының жоба үйлестірушісі Гүлзат Темірбаева, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес АҚ төрағасы Нұрлан Өтешев пен Астана қаласы тәжірибелік психология мен психотерапия жөнін­дегі Еуразия институты өкілдігі­нің директоры Людмила Куликова қатысты. Бұл жобаның жұмысымен Қазақ­станның Іскер әйелдер қауым­дастығы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Дін істері және азаматтық қоғам министр­лігінің мемлекеттік гранты аясын­да айналысуда. Ол «Қазақстан Республикасының 2006-2016 жыл­дарға арналған гендерлік теңдік стратегиясының» қорытындысын бағалау, зорлық-зомбылықсыз отбасы мен елімізде әйелдерді саяси жағынан қолдау мақсатында іске асырылуда. Баспасөз мәслихатында Раушан Сәрсембаева қазіргі кезде елімізде әйелдердің құқын қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар мен қауымдастықтың алдағы жоспарлары туралы ойларымен бөлісті. Ол соңғы 10 жылда нәзік жандылар­дың тұрмыстық жағдайы жақсарға­нын, олардың құқықтарын сақтау үшін тиісті жұмыстардың жасал­ға­­нын атап өтті. Дегенмен, ол қоғам­да әйелді әлеуметтік қорғау мәселесі әлі де өзекті болып отырға­нын, был­тыр тіркелген қылмыстардың саны 65 325-ке жеткенін айтып, отбасында әйелдерді қорлауға қатысты қылмыстар тіркелетін болса, оларға заң жүзінде көмек берілу керектігін айтты. «Іскер әйелдер қауымдастығы осы бағытта жұмыс істеуде. Соны­мен бірге, біздің ұйым алимент төлемейтін ер адамдарды жауап­қа тарту мәселесімен айналысып жатыр», – деді ол. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»