• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

«28 панфиловшы» фильмі прокатта көш бастап тұр

276 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Ресей бірлесіп түсірген «28 панфиловшы» фильмі прокатта көш бастап тұр, деп хабарлады «Қазақфильм» баспасөз қызметі. Ел аумағында алғашқы аптадағы есеп бойынша 30 миллионнан астам қаржы жиналды. Қысқа мерзімнің ішінде мол қаржы жинауына қарағанда көрермендер арасында танымал болып отыр. Көрермендер қызығушылының артуына байланысты фильмнің екінші аптадағы прокаты табысты болады деп күтілуде. Айта кетейік, «28 панфиловшы» көркем фильмін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі қатысуымен «28 панфиловшы» тәуелсіз студиясы (Санкт-Петербург, Ресей) түсірген. Генерал Панфиловтың 316-шы атқыштар дивизиясының 28 жауынгері туралы түсірілген фильмнің негізгі сомасын краудфандинг арқылы жинаған. Ресейлік «Кинозалдардағы көрсетілімдер туралы мағлұматты беретін Федералды бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйенің» ақпараты бойынша 30 қарашаға «28 панфиловшы» фильмінің Ресейдегі көрсеткіші 209,8 млн. рубльді құрап, 878 944 көрермен көрген.