• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Ірі интернет-компаниялар желідегі лаңкестікпен күреспек

144 рет
көрсетілді

Ең ірі төрт интернет-компания - Facebook, Microsoft, Twitter және YouTube бірігіп интернеттегі лаңкестікпен күресетіндерін мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости. "Біздің контентте лаңкестікті насихаттауға жол жоқ. Бізге мұндай хабар келсе, біз сол контентке қарсы компанияның саясатына байланысты шаралар қолданамыз", дейді компаниялар. Бүгіннен бастап олар видеоның сандық идентификаторларымен өзара алмаса бастайды. Ол лаңкестердің өз жағына адам тарту мүмкіндіктерінің алдын алу үшін жасалмақ. Сол арқылы лаңкестерге байланысты жазбалар да анықталып отырады және интернеттен осы сипаттағы ақпаратты табуға да септігі тиеді деп жоспарлануда. Бір айта кетерлігі, компаниялар тұтынушылардың жеке ақпараттарымен де алмасып отыратын болады. Аталған төрт компанияның бірлескен жұмысы лаңкестік контеттің тарауы барысында өздерінің де жазаға тартылмауы үшін жасалып отыр. Сонымен қатар олар бірігіп билік таратыпнан болатын қысымға қарсы тұрмақ. Себебі қазір АҚШ конгресінде әлеуметтік желілердің мазмұнын бақылау мүмкіндіктері қарастырылып жатқаны белгілі.