• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

"Қазақстан даму банкі" АҚ директорлар кеңесі ауысты

133 рет
көрсетілді

"Қазақстан даму банкі" АҚ директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, деп хабарлайды KASE-нің ресми сайты. "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқармасының 2016 жылдың 23 қарашасындағы шешімімен банктің директорлар кеңесі мүшелігіне 2016 жылдың 2 желтоқсанынан бастап тәуелсіз директор ретінде Антонио Соммо сайланды. Соммоның лауазымы директорлар кеңесінің құзірет мерзімі аяқталғанға дейін сақталады. Сонымен қатар, директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Досаев Ерболат Асқарбекұлы, директорлар кеңесінің мүшелері ретінде Жәмішев Болат Бидахметұлы, Хамитов Ерсайын Ерболатұлы, Әлиманов Жанат Жалғасбайұлы, Марся Элизабет Кристиан Фавае, Антонио Сомма сайланды.