• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

АҚШ вице-президенті 2020 жылы сайлауға түсетінін айтты

258 рет
көрсетілді

АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Джо Байден 2020 жылы президенттік сайлауға түсуі мүмкін екенін жоққа шығармайды, деп хабарлайды BBC.

"2020 жылы сайлауға түсемін", - деді вице-президент Обаманың әкімшілігіндегі журналистермен кездесуде. "Алдын-ала уәде бермеймін, бірақ өз үміткерлігімді ұсынамын", - деді Байден. Джо Байден АҚШ вице-президенттігіне Барак Обама мемлекет басшылығына сайланғаннан кейін 2009 жылы келген. 1973 жылдан бері Байден Делавэр штатынан сенатор болса, 1988 және 2008 жылдары Демократиялық партия атынан үміткер болуға тырысқан. Бірақ екеуінде де кандидатурасын алып тастады.