• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Жария ету науқаны аяқталғанда рақымшылық жасалмайды

195 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Мүлікті жария ету бойынша өткізіліп жатқан акцияның барысы туралы» баяндама жасаған ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов жария ету акциясынан соң қылмыстық, әкімшілік және салық бойынша рақымшылық жасалмайтыны туралы айтты. «Жария ету жөніндегі науқан аяқталғаннан кейін азаматтарға қылмыстық, әкімшілік және салықтар бойынша рақымшылық жасау қолданылмайды. Қазір де бізде азаматтардың Қазақстаннан тысқары орналасқан мүліктерін қадағалауға мүмкіндік беретін механизмдері бар. Шетелдегі капиталы декларациялау туралы Салық кодексінің қолданыстағы нормаларын ешкім жойған жоқ екендігін де еске салғым келеді», - деді ол. Министр айтып өткендей, қазіргі уақытта 712 азаматтың 52 валютада қаражаттарын шет елдердің банктерінде сақтап отырғаны белгілі. Сонымен, егер тек кең таралған үш валютаға тоқталсақ, 517 млн. долларды 240 азамат, 30 млн. евроны 237 азамат және 23 млн. фунт стерлингті 123 азамат декларациялаған. «Бұдан тыс, 2017 жылдан бастап кез-келген шетелдегі мүліктерді міндетті түрде декларациялау туралы Салық кодексінің нормалары қолданысқа енгізіледі. Осы міндеттемелерді бұзушы азаматтарды және мәліметтердің растығын біздің салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек көрсету туралы Страсбург конвенциясында ратификациялағандарымыз арқылы тексеретін боламыз», - деді министр. Арнұр АСҚАР, "Егемен Қазақстан".