• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Астанада «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы басталды

475 рет
көрсетілді

Астанада жаңажылдық мереке күндерінің қарсаңында «Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы басталды. Аталмыш шара қала тұрғындарын өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыруға бағытталған, деп хабарлайды Астана әкімдігі. Акция шеңберінде астаналық ТЖ департаментінің қызметкерлері халық арасында қауіпсіздікті насихаттау бойынша жұмыстар жүргізеді: инженерлік-инспекторлық құраммен аулаларды аралайды, азаматтарға қауіпсіздік ережелері нұсқалған материалдар таратады. Қайғылы жайттардың басым бөлігі мереке күндері орын алады. Дәл осы күндері қараусыз қалған балалар тек жарақат алып қана қоймай, кей жағдайларда көз жұмып та жатады. Өкінішке орай, құтқарушылар бұндай жағдайлармен жиі кездеседі: ересектердің салғырттығы өкінішті жағдайлардың орын алуына себеп болады. Осы ретте Астана қаласы ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарын ескертеді: өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаңыздар, пиротехникалық бұйымдарды қолдану кезінде ережелерге назар аударыңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Өрт орын алған жағдайда «101» немесе «112» нөмірлері бойынша қоңырау шалу қажет.