• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Астанаға газ құбыры Қызылордадан тартылуы мүмкін

426 рет
көрсетілді

Астанаға газ құбыры Қызылордадан тартылуы мүмкін, деп хабарлады ҚазАқпарат. «Газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Астана қаласын және газ құбырының бойында орналасқан елді мекендерді газдандыру үшін тиісті жұмыстарды атқаруда. Осы орайда «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан Кызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана бағыты тұрғысында «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасы бойынша техникалық экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеп жатыр», – деп атап өтілген министрлік мәліметінде. Атап айтқанда, негіздемені әзірлеу осы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда және оның нәтижесі бойынша осы ТЭН үшін берілетін «Мемлекеттік сараптама» РМК-ның қорытындысы бойынша бұл жобаны одан әрі іске асыру туралы шешім қабылданатын болады. Айта кетейік, Мемлекет басшысы осыған дейін Астанаға ғаз құбырын тартуды тапсырған болатын. Бұл ретте елорданы газбен қамтамасыз ету бойынша түрлі жобалар қаралып жатқандығы хабарланған еді.