• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Елбасы бірнеше нысандарды іске қосты

168 рет
көрсетілді

Астанада отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылған Жалпыұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру бағдарламасы аясында бірқатар нысандардағы өндірісті және жобалар құрылысын іске қосты. Атап айтар болсақ, алдымен Теміртауда домна пеші мен Алматы-Шу темір жолы, Құрық порты іске қосылды. "Рұқсат беремін. Бұл үш объект біз үшін өте маңызды. Теміртаулықтарға үлкен сәлем жолдаймын. Ол жаққа бармағаныма көп болды. Қарағанды метталлургия комбинаты - біздің еліміздің қара метталургиясының тұғышы. Ол қазір жылына 6 млн тонна болат өндіруі керек. Ал төртінші домна пешінің үлкен жөндеуден өткені соған үміт сыйлайды", деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар ол "Нұрлы ждол" бағдарламасы аясынағы көлік қозғалысы объектілері де қазақстандықтар үшін өте маңызды екенін айтты. "Шу-Алматы жолы пойыз қозғалысын екі есе тиімді етеді. Осыны көптен бері қалаған едік. Міне, қазір жүзеге асырылды, - деді Елбасы. - Ал Құрық біз үшін Кавказ бен Еуропаға ашылған жол. Бұл да көптен күткен жоба. Әсіресе, индустрияландыру үшін өте қажет. Барлығын Тәуелсіздіктің 25-жылдығы аясында жеткен жетістіктерімізбен құттықтаймын. Денсаулық, сәттілік тілеймін. Жұмысқа кірісіңідер! Жобаларды іске қосыңыздар!", деді Елбасы.