• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейі 21 158 теңгені құрады

259 рет
көрсетілді

2016 жылғы қарашада күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 21 158 теңгені құрады , деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылғы қарашада өткен аймен салыстырғанда 9,8% төмендеді, 2015 жылғы қарашамен – 8,5%-ға жоғарылады. Оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 21,2%, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 17,8%, жемістер мен көкөністерді – 9,2%, нан және жарма өнімдерін – 9%, қант, шай және дәмдеуіштерді – 2,8%-ды құрады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төменгі тұтыну қоржынының құнына тең, бір адамға қажетті ең төменгі ақшалай табыс. Ең төменгі тұтыну қоржыны адам тіршілігін қамтамасыз етуге қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құндық көріністегі ең төменгі жиынтығы болып табылады. Ол азық-түлік қоржынынан және азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге жұмсалатын шығыстардың бекітілген үлесінен тұрады. Күнкөрістің ең төменгі деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну қоржыны құнының 40 пайыздық мөлшерінде белгіленген.