• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

«Қазақстанның үздік тауары» байқауының жеңімпаздары марапатталды

227 рет
көрсетілді

Астанада «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. «Қазақстанның үздік тауары»  республикалық көрме-байқауының дипломанттары да өздеріне лайықты марапаттарын иеленді. Дәстүрлі түрде байқау жеңімпаздары анықталды: «Жамбылгипс» АҚ Жамбыл облысы – I дәрежелі дипломант; «Елордалық шыны компаниясы» ЖШС Астана қаласы – II дәрежелі дипломант; «Алматы бояулары» Алматы облысы - III дәрежелі дипломант; «Халыққа арналған үздік  тауар»  номинациясы: «Назар Текстиль» ЖШС  ОҚО  - I дәрежелі дипломант; «DOSFARM» ЖШС   Алматы  қаласы  (II дәрежелі  дипломант); «Руми-эн» ЖШС  Қарағанды облысы  (III дәрежелі  дипломант). «Үздік азық-түлік тауары» номинациясы бойынша: «Пульс»  «Балқаш нан-тоқаш комбинаты» ЖШС Қарағанды облысы - I дәрежелі  дипломант. «Capital projects LTD» ЖШС Ақмола облысы – II дәрежелі дипломант «Восток Молоко» ЖШС  ШҚО - III дәрежелі  дипломант. Биыл республикалық көрме-байқауына аймақтық іріктеуден өткен 145 жеңімпаз компания қатысты. 9 дипломант өз аталымдары бойынша «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының эмблемасымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Олар байқау Эмблемасын жарнамалық мақсатта 4 жыл бойы пайдалану құқығына ие болады.