• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытуға негізделген кәсіпорын ашылды

179 рет
көрсетілді

Астанада отандық кәсіпкерлердің төл мерекесі Индустрияландыру күніне орай ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жалпыұлттық телекөпір барысында Ақтөбе облысында тұрғын үй құрылысын дамытуға негізделген кәсіпорын іске қосылды. Бұл өндіріске 3 млрд. теңгеге жуық қаржы инвестицияланған. Сонымен қатар зауыттан шыққан өнім құрылыстың өзіндік құнын 15-20 пайызға төмендетеді деп жоспарлануда. Жаңадан салынған комбинатқа германиялық «Wekcenmann» компаниясының үздік жабдықтары орнатылған. «Үй Құрылысы комбинаты» ЖШС-ның құрылтайшысы Нүркен Тұрбаевтың айтуынша, аталған комбинат құрылыс мерзімін екі есеге қысқартады. Атап айтқанда, бірінші кезеңде кәсіпорын жылына 50 мың шаршы метр баспананы тұрғызуға мүмкіндік береді. «Бұл өндірісті іске қосу өте маңызды. Осы орайда Ақтөбе Қазақстанның ең дамыған мегаполистерінің бірі болуы тиіс. Сондықтан тұрғын үй құрылысына назар аударылуда және осы бағытқа қаржы бөлініп жатыр. Қаланың жанында жаңа шағын аудан салынып жатыр. Сонымен қатар бұған дейін ескерткенімдей, біртектес, тартымсыз үйлерді емес, сәулетті әрі әдемі нысандарды салыңыздар. Комбинат жұмысы табысты болуын тілеймін», - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.