• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Жария ету науқанында қазақстандықтардың 7900 банк шоттары ашылды

158 рет
көрсетілді

Қазақстандықтар жария ету жөніндегі науқан шеңберінде 7900 астам банк шоттарын ашты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банктің ресми сайты. Жария ету жөніндегі науқанның қолданылу кезеңі ішінде 2014 жылғы 1 қыркүйек – 2016 жылғы 30 қараша аралығында банктер 7917 банк шотын ашып, оларға шамамен 2 трлн. 860 млрд. теңге салды. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында сөйлеген сөзінде хабарлады. Д.Ақышев 2016 жылғы 1-30 қараша аралығында 2501 банк шотының ашылғанын, шамамен 652 млрд. теңге салынғанын нақтылады. Бұл ретте 2 трлн. 558 млрд. теңгеден кем емес шетелдік валютада, басым түрде АҚШ долларымен жария етілді, бұл жалпы жария етілген ақша сомасының 89%-ын құрайды. «Жария етілген ақшалай қаражаттың жартысынан көбі 56% банк шоттарына қолма- қол нысанда салынды. Қолма-қол емес аударымдар арқылы 44% аударылды, оның ішінде 14%-ы шетелдік банктердегі шоттардан аударымдар», – деді Д.Ақышев. Ол сондай-ақ ақшаны жария ету мақсаты үшін шетелден Қазақстан Республикасына ақша негізінен Швейцариядан, Ресейден, Сингапурдан, Ұлыбританиядан, Лихтенштейн Корольдігінен түсті деп толықтырды. Сонымен қатар, қаржы реттеушісі басшысының ақпараты бойынша арнайы шотта қаражатты сақтау бойынша талаптың күшін жоюына байланысты, азаматтар жария ету рәсімдері аяқталғаннан кейін ақшаны арнайы шоттардан қайтадан әдеттегі банк шоттарына аударуды жөн көреді. Жария ету кезеңі ішінде арнайы шоттардан басқа банк шоттарына ақшалай қаражаттың 59%-ы аударылды. Бұл ретте, Д.Ақышев атап өткендей, жария етілген ақша негізінен Қазақстанның банктерінде ашылған банк шоттарына аударылады. Шетелдік банктерде ашылған шоттарға жария етілген ақшаның 7%-ына жуығы аударылды. Ұлттық Банктің Төрағасы 2016 жылғы 1 тамыздан бастап азаматтың қалауы бойынша салық органдарына декларацияны екінші деңгейдегі банктер арқылы беру мүмкіндігі іске асырылатынын хабарлады. Д.Ақышев атап өткендей, бүгінгі күні азаматтардан осындай өтініштер түскен жоқ. Облыстар бойынша ақпаратқа қатысты айтатын болсақ, ашылған шоттарының саны және оларға салынған қаражат бойынша Алматы, Астана қалалары, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары алда келеді.