• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
06 Желтоқсан, 2016

Елордада зейнеткерлерге арналған шағын орталық ашылды

250 рет
көрсетілді

Елордада зейнеткерлерге арналған шағын орталықтың (Күйші Дина к-сі, 25/1) салтанатты ашылуы өтті. Бұл 24 мыңнан астам ардагер тұратын «Алматы» ауданындағы 16-шы демалыс орны, деп хабарлады Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. «Бүгінгі шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. «Елбасы атап өткендей, Тәуелсіздік заманы - жасампаздық пен істердің ұлы жолы. Бірлік пен тұрақтылық - егеменді Қазақстанның мызғымас негізін қалайтын басты құндылықтарымыз», - деді «Алматы» ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев шара барысында. Шара аясында елорданың дамуына, сондай-ақ жастарды патриотизмге тәрбиелеуге елеулі үлес қосқан белсенді 25 ардагерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.