Бүгін еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлады Қазгидромет.
Ақмола, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Павлодар, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдін екпіні 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұрқасын соғады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейіп, бұрқасын соғады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман, бұрқасын болады.