• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Қазақстан киносының апталығы

125 рет
көрсетілді

Минскідегі «Победа» кинотеатрында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті күні мен Тәуелсіздіктің 25 жыл­­дығына орай «Қазақстан ки­но­сының апталығы» ұйымдастырылды. Мәдени іс-шараға Ұлттық жи­на­лыстың депутаттары, Минс­кіде аккредиттелген дип­лома­тиялық өкілдіктердің басшы­лары, ТМД атқару комитеті мен Беларусь Президенттік кітап­ха­насының өкіл­дері, ғылым жә­не мәдениет қайраткерлері, Қазақстанның Дос­тар клубының мү­шелері, студенттер, соның ішінде қазақстандық және қазақ диас­порасының бел­сенділері қатысты. Іс-шараны салтанатты түрде Қазақстанның Төтенше және өкілетті елшісі Ерғали Бөлегенов ашып, еліміздің тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері Қазақ­стан Республикасының Тұңғыш Президентінің еңбегімен тікелей байланысты екенін атап өтті. Беларусь Мәдениет минис­трінің орынбасары Ирина Дрига жиналған көрермендерді айтулы мерекемен құттықтап, осындай іс-шаралар екі мемлекет арасындағы достық байланыстар мен мәдени ынты­мақтастықтың дамуына сеп­тігін тигізетінін айтты. «Қазақстан киносы апта­лы­ғының» ашылу салтанатында «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі көрсетілді. Мәдени іс-шара барысында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси қызметін баяндайтын «Елбасы жолы» киноэпопеясының барлық бес фильмі, сонымен қатар, режиссер Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» және «Жаужүрек мың бала» фильмдері көрсетілді. Айта кететін жайт, Қазақстан Рес­пуб­ликасының Тұңғыш Пре­зи­денті күніне орай ұйымдас­тырылған іс-шаралар басқа да мемлекеттерде өтті.