• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Қауіпсіздік жобасы жалғасуда

221 рет
көрсетілді

Бұдан бұрын бір ай уақыт бойы облыстың 5 ауданын­да болған республикалық топ құрамында 200-ден астам сарапшы, теолог, әртүрлі саладағы мамандар жұртшылықпен кездесулер өткізген еді. Олардың жұмысы аяқталғаннан кейін өңір басшысы «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын облыстың қалған жеті ауданы – Қобда, Мәртөк, Ойыл, Ырғыз, Қарғалы, Әйтеке би және Байғанин өңірлерінде жергілікті мамандардың күшімен жалғастыру жөнінде шешім қабылдаған болатын. 25 күн ішінде облыс бойын­ша құрылған топ мүшелері 54 мыңнан астам жергілікті тұр­ғынды қамтыды. Үстіміздегі жылғы 10 қарашадан 5 жел­тоқ­санға дейінгі аралықта «Халық­тың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы және Қобда аудандарында 93 шара өткізілді. 4,8 мыңдай жұ­мыс­шыға, орта арнаулы оқу орын­дарының студенттеріне, мек­тептердің оқушылары мен мұ­­ғалімдеріне экстремизм идео­­ло­гиясының зияндығы түсін­діріліп, Исламдағы Ханафи мазхабы рөлі ашып көрсетілді. Оқу орындарының оқу­шылары мен оқытушыларына салафизм мен вахабизмге тыйым салып, колледждердің оқу бағдарламасына экстремизм мен терроршылдықтың алдын алу үшін дінтану пәнін енгізу ұсынылды. Дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылармен кездесулер өткізіліп, олар радикалдарды өз бағыттарынан айнытуға ықпал етуге әзір екендіктерін біл­дірді. Төрт мыңдай ауыл тұрғыны «Есігімді қаққан кім?» спектаклін көрді. Екінші бағыт – «Бизнес ортаны дамыту» бағдарламасы бойынша Ойыл, Әйтеке би, Бай­ғанин, Ырғыз, Қарғалы аудан­да­рында 3144 адамды қамты­ған 71 шара өткізілді, 898 азамат­қа кеңес берілді. Мәселен, Қар­ғалыдағы «Ысқақова М» ЖК екі шаштаразды «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша білім алу курсына жіберсе, шаруа қожалықтарының жетекшілері өз істерін дамытуға несие алу шарттары туралы кеңес алды. Әлеуметтік проблемалар­ды шешу бағыты аясында Мәртөк, Ойыл, Әйтеке би, Бай­ғанин, Ырғыз аудандарын­да 10904 адамды қамтыған 218 шара өткі­зілді, олардың 1428-іне көмек көр­сетілді. Нақ­ты айтқанда, 50 адам тұрақ­ты жұмыс орындарына ие болды. Бұдан басқа, 15 қай­ырым­­дылық акциясы ұйым­дас­тырылып, 73 адамға 1 миллион теңге көлемінде жәрдем жасал­ды. 93 аз қамтылған отбасы 2017 жылы «Өрлеу» жобасына қаты­суға тілек білдірді. 5021 адам профилактикалық тексерумен қамтылды, облыстық емханаға 128 адам жіберіліп, 590 адам тұрғылықты жері бойынша емдеу алды, 13 адамға операция жасалды. Төртінші бағыт — «Діни мәсе­лелер» бойынша Әйтеке би, Бай­ғанин, Ырғыз, Қарғалы, Қобда аудандарында 44 шара ұйым­дастырылып, 4 мақсатты жұмалық намаз өткізілді, сон­дай-ақ, «Шәріп молда», «Әлия» аудан­дық мешіттерінің қыз­меті, имамдардың жұмысы зерт­телді. «Мешіт тәртібі» тақы­ры­бына имам­дар мен мешіт қызмет­кер­лері үшін семинар-тренинг ұйым­дастырылды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыс жандана түсетін болады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы