• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Универсиада рәміздері қандай?

402 рет
көрсетілді

Универсиаданың «Қанатыңды кең қақ!» деген ұраны жас спортшыларды ересектер спортының шыңдарына шығуға жігерлендіреді. Универсиаданың кез келген логотипінде FISU-дың қамқорлығымен өтетін кез келген спорттық шараның фирмалық символи­касының міндетті элементі болып табылатын U латын әрпінің бейнесі тұрады. Қысқы Универсиада-2017 логотипі стильденген қанаттар түрінде бейнеленген және анық көрсетілген серпінді пішіні бар: солдан оңға қарай жоғары. Ол – дамудың, сондай-ақ шыңдарды бағындырудың белгісі. Қысқы Универсиада-2017-нің бойтұмары болып жылдамдық пен көкке асқақтауды, жеңілдікті, қуатты және жеңіске құштарлықты – нағыз жас спортшыларға тән қасиеттерді бейнелейтін қазақ даласының ерікті және қайратты мекендеушісі жас сұңқар таңдалған. Универсиаданың медальдары классика­лық стильде алтын, күміс және қолаға ұқсай­тын металдар қорытпасынан жасалған. Ол Қазақстан Теңге сарайында шеку тәсілімен, түрлі-түсті эмаль қолданып дайындалған. Муар лентасына Универсиаданың логотипі қондырылған. Медальдың бет жағында FISU-дің (Халықаралық студенттік спорт федерациясы) логотипі мен Ойындардың атауы және өтетін орны бейнеленген. Сырт жағында Универсиаданың логотипі тұр.