• RUB:
    5.09
  • USD:
    487.37
  • EUR:
    532.94
Басты сайтқа өту
07 Желтоқсан, 2016

Венада халықаралық конференция өтуде

242 рет
көрсетілді

Вена қаласында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің «Ядролық қауіпсіздік: міндеттемелер мен әрекеттер» атты халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлады еліміз Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. Осындай әр үш жылда өткізілетін ядро­лық қауіпсіздік мәселелері жөнін­дегі конференция екінші рет ұйым­да­стырылуда. Конференцияға 168 мүше мем­лекет делегациялары, соның ішінде 50 министрлер басқаратын делегациялар қатысуда. Ал Қазақстан тарапынан конфе­рен­ция­ға еліміздің Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, елші Қайрат Сарыбай бастаған Энергетика министрлігінің және Ұлттық ядролық орталықтың өкілдері барған болатын. Конференция министрлер сегменті­нің пленарлық отырысынан басталып, ядро­лық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мә­се­лелеріне байланысты өткен бірнеше ғы­лыми және техникалық отырыстармен жалғасты. Министрлер декларация­сын тал­қылау мен оның қабылдануы министр­лер сегментінің пленарлық отырысы шеңберіндегі ең маңызды оқиға болып табылды. Қазақстан делегациясының басшысы өзінің сөзінде еліміздің ядролық қа­русыздану саласындағы жетістіктерін, Қазақ­стан Республикасы мен МАГАТЭ арасындағы ядролық қауіпсіздікті кү­шей­ту бойынша ынтымақтастығын атап өтті. МАГАТЭ-ге мүше мемлекеттер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 70-отырысында ұсынған және «Әлем. ХХI ғасыр» манифесінде жалғасқан, сон­дай-ақ БҰҰ құжаты ретінде тар­а­тылған бастамаларына назар аударды.  Қа­тысушылар 2017 жылдың екінші жар­­тысында ашылады деп жоспарла­нып отырған МАГАТЭ-нің Төмен байы­тыл­­ған уран банкін Қазақстанда құру жөніндегі жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етілді. Ядролық қауіпсіздік жөніндегі кон­ференция жұмысы 9 желтоқсанға дейін жалғасады.